Қазақстандық банк Орталық Азия мен Шығыс Еуропада бизнеске арналған халықаралық жедел аударымдарды бірінші болып іске қосты
Bereke Bank – Орталық Азия мен Шығыс Еуропада Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп шетел валютасында жасалатын жылдам халықаралық аударымдарды бизнеске ұсынған алғашқы банк. Жаңа сервис Bereke Business интернет-банкингінде қолжетімді, бұл қызмет компанияларға серіктестерінің шетелдегі шоттарына қаражатты USD және EUR валюталарында уақтылы әрі күрделі рәсімдер мен артық құжаттарсыз аударуға мүмкіндік береді.
Енді қазақстандық бизнес өз шекарасын кеңейтіп, төлемдер жасау рәсімін жылдамдатып, әлемдік нарыққа сенімді түрде шыға алады.
Bereke Business қосымшасындағы жылдам/жедел халықаралық есеп айырысу сервисі арқылы компанияларға қаражатты серіктестеріне бар болғаны 15 минутта қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде аударуға болады. Бұл шешім қазіргі заман бизнесінің талаптарына сай жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады.
"Біздің басты мақсатымыз – еліміздегі бизнестің жылдам әрі сенімді дамуына көмектесетін шешімдер ұсыну. Біз Mastercard-пен бірлесіп заңды тұлғалар үшін халықаралық ақша аударымдарын жылдам, қауіпсіз әрі қолайлы еттік, бұл кәсіпкерлерге кедергісіз даму мүмкіндігін береді және серіктестерімен сенімді қарым-қатынас орнатуға жол ашады", − деп атап өтті Гүлмира Акинбашина, "Bereke Bank" АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) заңды тұлғаларға арналған цифрлық арналар бойынша өнімдерді әзірлеу және дамыту жөніндегі атқарушы директоры.
Bereke Business – бұл тек аударымдар ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған кең ауқымды қызметтер жиынтығы. Мысалы, сыртқы экономикалық қызмет бойынша Біліктілік орталығы – Қазақстандағы алғашқы сервис, ол тек валюталық тәуекелдерді төмендетіп қана қоймай, күрделі халықаралық мәмілелердің оңтайлы шешімдерін табуға көмектеседі және сыртқы экономикалық қызметтің барлық кезеңдерінде дұрыс қолдау көрсетеді. Банк бизнеске қолайлы және тиімді жағдай жасап, оның дамуына және нарықта сенімді бәсекеге түсуіне ықпал етеді.
Mastercard халықаралық жүйесі – жоғары жылдамдықты, транзакциялардың қауіпсіздігін және операциялардың сенімділігін қамтамасыз ететін төлем маршруты ретінде қызмет етеді.
"Халықаралық аударымдар – заманауи экономиканың негізі: олар компаниялардың өсіп дамуына, нарықтың өркендеуіне жол ашады. Mastercard үшін ең бастысы – әрбір операцияның сенімді орындалуы, қауіпсіздігі әрі жылдамдығы. Bereke Bank-пен бірлесе іске қосып отырған ШОБ шешімі кәсіпкерлер мен олардың әлемдегі серіктестері үшін ашықтық пен сенімнің жаңа өлшемін қалыптастырады деп сенеміз", − деді Санжар Жамалов, Mastercard-тың Қазақстандағы және Орталық Азиядағы Бас директоры.
Қаражатты қайда жіберуге болады
• B2B (компания → компания): Қытай, Эквадор, АҚШ, Еуропаның 35 елі (мысалы, Германия, Франция, Италия және басқалары).
• B2P (компания → жеке тұлға): Эквадор, АҚШ, Еуропаның 35 елі.
Лимит:
• Жеке тұлғалардың шоттарына аудару үшін – $25 000 дейін.
• Компанияларға – $100 000 дейін.
Бұл неге маңызды
Аударымдардың жылдамдығы (15 минуттан бастап) – бұл бәсекеге төтеп беруге мүмкіндік беретін артықшылық. Bereke Bank тек аударыммен шектелмей, мынадай толыққанды сервисті де ұсынады:
• шетелдік жеткізілімдердің ақысын төлеу,
• шетелдік серіктестермен есеп айырысу,
• жедел халықаралық төлемдер.
Бизнес үшін бұл неге ыңғайлы, бес себебі
1. Белгілі бағыттар бойынша қаражаттың бірден түсуі.
2. Bereke Business арқылы кепілдендірілген онлайн-аударымдар.
3. Еуразиядан Латын Америкасына дейінгі ауқымды география (әлемнің 40-тан астам елі), оның ішінде АҚШ, Еуропа және Қытай сияқты танымал бағыттар бар.
4. Mastercard – халықаралық төлем маршруты ретінде сенімді жүйе.
5. Ашық комиссиялар мен шарттар.
"Bereke Bank" АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) – көпжылдық тарихы бар Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі және негізгі көрсеткіштері бойынша еліміздегі жетекші қаржы институттарының ондығына тұрақты түрде кіреді.
Bereke Business – бұл жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған қарапайым интернет-банкинг қана емес, сондай-ақ офлайн қолдауы бар бизнеске арналған жаңа жеке өнімдер мен қызметтерді қамтитын цифрлық платформа. Бұл – кешенді экожүйе, мұнда әр кәсіпкер өз ісін құрып, дамыта алады. Бүгінде банк шамамен 100 мың клиентке, яғни, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуде. Біріктірілген Bereke Business сервистері оларға барлық қажетті қызметтерді бір жерден алып, бизнесті дамытуға назар аударуға мүмкіндік береді.
Mastercard туралы (NYSE: MA)
Mastercard әлемнің 200-ден астам елінде жергілікті экономиканы дамытып, адамдарға шабыт береді. Біз клиенттерімізбен бірге әр адамның өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық орта құрып жатырмыз. Біз цифрлық төлемдер үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынамыз, транзакцияларды қауіпсіз, қолайлы, ақылға қонымды және қолжетімді етеміз. Біздің технологияларымыз бен инновацияларымыз, серіктестіктеріміз бен байланыстарымыз адамдарға, компанияларға және үкіметтерге өздерінің ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 27.02.2025 ж. берген № 1.1.199 лицензия

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
