Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар Польшадағы халықаралық турнирге қатысуда

Фото: olympic.kz

30 шілдеде Польшаның астанасы Варшава қаласында дәстүрлі Poland Open халықаралық күрес турнирі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы грек-рим және әйелдер күресі бойынша бақ сынауда.

Жарыс 3 тамызға дейін жалғасады. Турнир бағдарламасына сәйкес, әр күн сайын түрлі салмақ дәрежелерінде белдесулер өтеді:

  • 30 шілде: грек-рим күресі — 72, 77, 82, 87, 97, 130 кг

  • 31 шілде: грек-рим күресі — 55, 60, 63, 67 кг; әйелдер күресі — 50, 53 кг

  • 1 тамыз: әйелдер күресі — 55, 57, 59, 62, 65, 68 кг

  • 2 тамыз: әйелдер күресі — 72, 76 кг; еркін күрес — 86, 92, 97, 125 кг

  • 3 тамыз: еркін күрес — 57, 61, 65, 70, 74, 79 кг

Қазақстан сапынан жарысқа грек-рим күресінен 15, ал әйелдер күресінен 11 балуан қатысуда.

Грек-рим күресі бойынша құрам:
Айбек Айтбеков, Исхар Курбаев (60 кг),
Бақытжан Қабдыл, Нурдаулет Капас, Сайфулла Құрман (63 кг),
Төлеген Әмірханов, Дінислам Сағитжан (67 кг),
Абдиазим Қарабаев, Каһарман Қисыметов, Азат Садыков, Тамерлан Шадукаев (77 кг),
Изновр Абаев, Диас Қалтай (82 кг),
Тимур Оспанов (87 кг),
Ерзат Ерланов (97 кг)

Әйелдер құрамасы:
Светлана Анкичева (50 кг),
Зейнеп Баянова (53 кг),
Зульфия Яхьярова (55 кг),
Лаура Альмаганбетова, Нилуфар Раимова (57 кг),
Тыныс Дубек (62 кг),
Елена Шалыгина (65 кг),
Ирина Казюлина, Бейбіт Сейдуалы (68 кг),
Жәмилә Бақбергенова (72 кг),
Эльмира Сыздыкова (76 кг)

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 19:49
Талқылау
`