Қазақстандық балуан Мадхия Усманова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды
Фото: UWW
Мадхия Усманова Афинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Грекияның Афина қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында күрестен әлем чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста Қазақстан атынан сынға түскен Мадхия Усманова алтын медаль жеңіп алды.
57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Усманова барлық жекпе-жектерінде сенімді күрес көрсетіп, финалда Үндістан балуаны Мониді 6:5 есебімен жеңіп шықты. Бұл жеңіс жас спортшының мансабындағы ең ірі табысы болып отыр және Қазақстан құрамасының алғашқы алтынына айналды.
Сондай-ақ, осы чемпионатта тағы бір отандасымыз Інжу Баққожа 43 келі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.
Бұған дейін грек-рим күресінен қазақстандық жас балуан Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атанғанын хабарлаған едік.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”