Қазақстандық балуан әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады
Ержет Жарылқасын Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Грек-рим күресінен қазақстандық балуан Ержет Жарылқасын олимпиадалық емес салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Тиранадағы дүбірлі додада отандасымыз қарсыластарының бәрінен басым түсіп, финалға шықты. 63 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз жартылай финалда ресейлік Садық Лалаевпен белдесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Енді ол әлем чемпионы атағын әзірбайжандық Нихат Маммадалиге қарсы сарапқа салады. Финалдық белдесу бүгін болады.
Айта кетейік, Ержет басқа өнер көрсеткен Исхар Құрбаев, Мейіржан Шермаханбет және Евгений Поливадов жарыс жолынан ерте шығып қалды.
Талқылау