Қазақстандық азаматтар “Сәтті Жұлдыз” лотереясынан көлік пен миллион теңге ұтып алды
Лотерея біреу үшін – бос уақытында сергудің бір амалы, енді біреуге – күтпеген бақыт. Кейінгі жылдары Қазақстанда лотерея билетін алып, бағы жанған азаматтардың саны артып келеді. Ал жақында ғана “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясының екі қатысушысы сәттілік серіктес болған күнін әлі ұмыта қойған жоқ. Бірі көлік, екіншісі бір миллион теңге ұтып алған. Ұтыс иелері жеңістерінен кейінгі әсерлерін айтып берді.
"Көлік ұттыңыз” дегенде алаяқтар шығар деп ойладым"
Алмас есімді қазақстандық азамат – қарапайым жұмысшы. Ол бір жылдан бері аптасына бір-екі рет "Сәтті Жұлдыз" лотереяларына қатысып тұрады. Бұған дейін ол ұтыс ұтып көрмеген. Алайда бұл жолы жағдай басқаша өрбіді: Алмас LOTO 6/49 лотереясының жеңімпазы атанып, жаңа автокөлік ұтып алды. Ұйымдастырушылар жеңісін хабарлағанда Алмас алғашында сенбеген. Тіпті алаяқтар хабарласып жатыр деп ойлаған.
“Ұйымдастырушылар нөмірім өшіп тұрған соң, WhatsApp арқылы хабарласыпты. Қазір алаяқтардың түр-түрі бар ғой. Кезінде қаржы пирамидаларына да алданып, ақшамнан айырылғанмын. Осы жолы да сондай алаяқтар қоңырау шалып отыр деп ойладым. Бірақ кейін “Сәтті Жұлдыздың” лотереясынан ұтқанымды белгенімде қатты қуандым”, – дейді жеңімпаз.
Дегенмен Алмас автокөліктің орнына балама сыйлықты, яғни ақшалай сыйақыны алуды жөн көріпті. Өзінің айтуына қарағанда, қазір ол жалдамалы пәтерде тұрады. Ұтып алған қаржыға пәтер алғысы келеді.
“Негізі лотереяға қатысудағы ниетім – үйлі болу. Десе де көлік бұйырыпты. Енді қаржысын барынша тиімді жұмсаймын. Пәтер сатып алуға жетпесе де, алғашқы жарнасы ретінде саламын”, – дейді Алмас.
“1 000 000 теңге ұтқанымды естігенде Қытайда жүргенмін”
25 жастағы Алматы тұрғыны Равиль бұрын-соңды лотереяға қатысып көрмеген. Оның әйелі “Сіздің Сәттілігіңіз” деген лездік лотереяға Равильдің нөмірін тіркеп, билет сатып алған екен. Сөйтіп, күтпеген жерден Равиль 1 000 000 теңге ұтып алған.
“Ол кезде мен Қытайда жүргенмін. Әйелім ұттық дегенде сенбедім. Бірақ өзі кеңселеріңізге барып, бәрін анықтап, нақтылапты. Кейін мен де келіп, ұтысымызды ресми түрде рәсімдедім. Бәрі заңды, ашық екен”, – дейді Равиль.
Жас отбасы бұл қаражатты жер телімін абаттандыру мен қоршау орнатуға жұмсамақ. Равиль мен Алмастың айтуынша, осы жеңістен кейін лотереяға деген көзқарасы мүлдем өзгерген. Сондықтан олар басқа қазақстандық азаматтарды бағын сынап көруге шақырды.
Айта кетейік, "Сәтті Жұлдыз" көп жылдан бері лотерея индустриясындағы ашықтық пен адалдықтың үлгісі болып келеді. Барлық ұтыс уақытылы төленеді – бірде-бір кідіріс немесе ұтысты төлемеген жағдай тіркелмеген.
Компанияның мәлімдеуінше, Ұлттық лотерея Дүниежүзілік және Еуропалық лотерея қауымдастықтарының (WLA, ELA) мүшесі болып табылады. Бұл оның халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтінін дәлелдейді.
"Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина пікір білдірді.
"Біз әр жеңімпазымызға шын жүректен қуаныштымыз – әр ұтыстың артында ерекше оқиға, арман мен шабыт жатыр. Бірақ біздің миссиямыз бұдан да кеңірек: біз бүкіл қоғамға пайда әкелуге тырысамыз. Сол себепті Ұлттық лотерея тұрақты түрде операциялық ойын кірісінің 10%-ын отандық спортты дамытуға және "Қазақстан халқына" қорына аударады. Бұдан бөлек, біз Сергей Цырульниковпен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ауқымды әлеуметтік жоба — "100 ауыл" бастамасын қолдаймыз. Бұл жоба – өз саласында бірегей. Ол тәрбиелік мәнге ие, ауыл жастарына арналған шеберлік сабақтары, ашық жаттығулар мен мотивациялық кездесулер арқылы елді-мекендермен тығыз жұмыс жүргізіледі. Кейбір өңірлердегі кездесулерге Олимпиада чемпиондары, әлем және Қазақстан чемпиондары қатысады. Бұл – біздің қоғам алдындағы жауапкершілігіміз және мақтанышымыз”,- дейді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.
Бүгін Алмаз бен Равильдің жолы болды, ал ертең сәттілік сізге серік болуы мүмкін. Армандарыңызға бір қадам жасаңыз! Өйткені ірі жүлденің иесі болуға кез келген кәмелетке толған азаматтың мүмкіндігі бар.
Осылай, 20 шілде күні келесі пәтер ұтысы өтеді. Оған қатысу үшін "Пәтер" ЛотоЖиынтығын сатып алу қажет. Әр жиынтықта 5 лотерея билеті бар. Бір қатысушыға арналған жиынтық саны шектелмеген – неғұрлым көп билет алынса, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары.
Сонымен қатар, әр қатысушы қазіргі уақытта 606 813 300 теңгені құрайтын джекпотты ұтып алу мүмкіндігіне ие.

"Халықтың қайғысына құрметсіздік": Алматыда Лениннің есімі берілген дәмхана желі қолданушыларының ашуын туғызды
