Қазақстандық азаматшаның ұшақта 4,5 мың доллары ұрланды
Нұр-Сұлтанда ұшақтағы қазақстандық жолаушы әйелден 4,5 мың долларын ұрлап алған ҚХР-ның азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
40 жастағы Қазақстан тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласындағы желілік полиция бөліміне Бежің-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшқан ұшақта өзінің 4500 мың доллар (шамамен 1 7 44 290 теңге) ақшасын біреудің ұрлап алғандығын айтып, шағымданыпты.
"Жедел тексеру амалдарының нәтижесінде осы рейспен ақшасы жоғалған әйелмен бірге ұшып келген 1993 жылңы Қытай азаматшасы ұсталды. Оның сөмкесінен жоғалған 1 744 290 теңге табылды", - делінген ПД-нің хабарламасында.
ҚХР-ның азаматшасы өзінің кінәсін толығымен мойындапты, ал ақша оның иесіне қайтарылған.
"Есіл аудандық соты ҚХР-ның азаматшасын ҚР ҚК-нің 3 бабы 1 тармағы бойынша кінәлі деп тауып, оны шартты түрде үш жыл бас бостандығынан айырды. Азаматша Қазақстан аумағынан шеттетіліп, мемлеткетке кіруіне 5 жылға тыйым салынды", - деп қосты транспорттық ПД-нің баспасөз-қызметі.