Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат жоғалған жеке куәлігінің кесірінен 285 мың теңге қарыз болып қалды

Жеке куәлігін жоғалтып алған Ақмола тұрғыны оның атына несие рәсімделгенін айтады. Ақмола полицейлері 37 жастағы Көкшетау тұрғынына қатысты қылмыстың бетін ашты.

Ер адам 17 мамырда полицияға арыз жазып, бірнеше микрокредиттік ұйымдардың өкілдері одан несие бойынша қарызды төлеуді талап етіп отырғанын айтты.

Белгісіз адамдар бірқатар микрокредиттік ұйымдарда жәбірленушінің атына онлайн-несие берген. Қарыздың жалпы сомасы 285 мың теңгені құрады. Сондай-ақ жәбірленуші полицияға оқиғаның алдында біраз уақыт бұрын құжаттарын жоғалтқанын айтқан.

Ақмола облыстық полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған 38 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ол жеке куәлікті кездейсоқ тауып, өтініш берушінің жеке деректерін пайдаланған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. 


Түркістан облысында банк қызметкері клиенттерді алдап 8 млн теңге алған

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 27 Мамыр, 2021 22:26
Талқылау