Қазақстандық әйелді қарызы үшін сауда үйінде ұрып тастаған
Фото: Жасанды интеллект көмегімен
Қызылорда облысында тұрғын қарызын қайтармағаны үшін танысын ұрып тастады. Жанжал сауда үйінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Жалағаш аудандық сотының ресми Telegram-арнасында хабарланды.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2025 жылдың 17 маусымында Жалағаш кентінде орналасқан сауда үйінде жәбірленушіні жолықтырған. Ол әйел оған ақша қарыз болған.
"Сотталушы қарызын қайтаруды сұрағанда, олардың арасында жанжал туындаған. Сол сәтте сотталушы жәбірленушіге күш қолданып, денсаулығына жеңіл зиян келтірмейтіндей түрде физикалық ауырсыну тудырған", – деп көрсетті сот.
Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс Жалағаш аудандық сотында қаралды. Сотта адвокат сотталушы мен жәбірленуші өзара келісімге келгенін айтып, медиативтік келісімді ұсынды және істі тоқтатуды сұрады.
Негізгі сот отырысында сотталушы кінәсін мойындады. Ол жәбірленушімен татуласқанын, медиативтік келісімге келгенін және істі тоқтатып, өзін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.
Соттың қаулысымен іс Қылмыстық кодекстің 68-бабы 1-бөлігі негізінде, іс тоқтатылып, сотталушы жауапкершіліктен босатылды.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
