Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйелдерге жүктіліктен сақтайтын таблеткаларды тегін беру ұсынылды

Қазақстанда әйелдерге жүктіліктен сақтайтын дәріні тегін беру ұсынылдыФото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы ана өлімін азайту үшін контрацептивтерді сатып алуға бюджеттен қаржы бөлу керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет отырысында сөйлеген министр қазіргі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанның алты өңірінде ана өлімінің өсуі байқалып отырғанын алға тартты.

"Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіші Ақмола облысында тіркелген. Ол республикалық деңгейден жеті есе жоғары. Қайтыс болу себептерінің құрылымында ауыр экстрагениталды аурулар – 55%, акушерлік себептер – 45%", – деді Әлназарова.

Министр бұл тәуекелдерді азайту үшін қабылдануға тиіс шараларды атады. Ол әкімдіктерден дәрігерлерді жұмысқа тартуға, олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлуді сұрады.



"Жергілікті атқарушы органдардан жергілікті бюджет есебінен жүкті әйелдер мен балаларды облыстық орталықтарға жеткізу үшін көлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ бала туу жасындағы осал топтағы әйелдерді контрацептивтік құралдармен қамту үшін қаржы бөлуді сұраймыз", – деді министр.

STAN.KZ
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 12:09
Талқылау
`