Әйелдерге Рамазан айында жасанды кірпік пен тырнақ жабыстыруға рұқсат па?

Танымал имам Тимур Алиев қазақтандық әйелдерге Рамазан айында жасанды кірпік пен тырнақ тағуға бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Имамның айтуынша, жасанды кірпік пен тырнақтан дәрет өтпейді, ал ол намаз оқу үшін міндетті әрекет. Ал егер адам намаз оқымай, тек ораза ұстаса кірпіктер мен тырнақ оның ниетіне әсер етпейді.
“Кірпіктер мен тырнақ оразаға әсер етпейді”, – деп қорытындылады Алиев.
Қазақстан мұсылмандары үшін биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталды. 16-сынан 17-сіне қараған түні Қадір түні өтеді. Ал 20 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Айта кетейік, бұған дейін имам Рамазан айында қазақстандық ерлер жиі жіберетін қатені атаған еді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"