Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық автосалондарда ресейліктерге көлік сатудан бас тартып жатыр

Қазақстанның автосалондарында ресейліктерге көлік сатудан бас тартып жатыр. Кейбір сатушылар мұны әлемде болып жатқан саяси жағдаймен байланыстырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Autonews басылымына сілтеме жасап.

"Сауда компаниясы Ресей төлқұжаты бар азаматтарға көлікті сатудан үзілді-кесілді бас тартты. Дилерлік компания қызметкері мұндай шектеулердің себебін айта алмаған. Сондай-ақ, сатушы Ресей азаматтарына автокөлік сатып алудың өзге нұсқаларын ұсынуға да тырыспаған", - деп жазады басылым.

Сонымен қоса автор мұның негізгі себептері ретінде "ең алдымен клиенттің өзі ұшырасатын қағаз рәсімдеудегі қиындықтарды" атайды.

"Көліктің құнын төлеп, келесі күні алып кетесіз. Ресей төлқұжаты бар азаматтарға өкінішке орай, сатпаймыз. Бастапқы жергiлiктi тiркеуi бар туысыңызбен немесе танысыңызбен келе аласыз, сонда ешқандай мәселе болмайды. Кейін қайта рәсімдеп, транзиттік нөмір арқылы елден оңай шыға аласыз", - деп келтіреді басылым сатушылардың бірінің сөзін.

Ал басқа сатушы көлікті өз атына тіркейтін жергілікті танысты тапқан күннің өзінде одан әрі қайта тіркеу және басқа да құжаттарды рәсімдеуге кепіл берілмейтінін жеткізген.



"Ресейлік паспорты бар азаматқа сатпаймыз. Нақты себебін айта алмаймын, бірақ менің ойымша, бұл әлемдегі күрделі саяси жағдаймен байланысты", - деген Қазақстандағы басқа орталықтың менеджері.

Ұлттық автомобиль одағының (ҰҒА) өкілі Антон Шапарин мұның себебін нарықтағы көлік тапшылығынан көреді. Ол сондай-ақ Қазақстандағы көліктердің қалтаға салмақ салмайтын бағасына да назар аударады.

Оның пікірінше, мұның себебі саяси шешіммен байланысты, өйткені автоөндірушілер автокөліктерді жеткізуді тоқтатып, сатушылар Ресейге салынған санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр деген шешімге келуі ықтимал. Сонымен қатар жергілікті нарықта автокөліктерге сұраныс артып отыр, бұл дилерлердегі көліктердің тапшылығына және соның салдарынан олардың бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін, дейді сарапшы.

Талқылау