Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлеттер айлық ала алмай жүр

Халықаралық додаларда ел намысын қорғап жүрген ауыр атлеттер айлықсыз қалдық дейді. Ұлттық құраманың көшбасшылары әлеуметтік желіде шағымдарын айтып, үндеу жариялаған. Айтуларынша жыл басынан бері еліміздің ауыр атлетика федерациясы оларға ешқандай қаржылай қолдау көрсетпеген. Ай сайын төлеп келген жалақыларын сап тиған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

олимпиада чемпионы

Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов

"Біз, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері жарты жыл бойы жалақымызды ала алмай жүрміз. Себебі, федерацияда белгісіз себептерге байланысты проблема туындап жатыр", - дейді олимпиада чемпионы Нижат Рахимов. 

Арна мәліметінше, ауыр атлетика федерациясына мән-жайды түсіндіруден қашқақтап, бұл жағдай бойынша сұхбат беруден бас тартты. Тек жазбаша жауап қатты. Олардың сөзінше спортшылардың олимпиада комитетінен алатын негізгі жалақасы үзіліссіз төленіп келеді. Алайда федерацияның тағайындаған қолдау қаржысы тоқтаған.

"Федерация демеушілердің көмегімен қосымша төлемдер беріп келген. Алайда экономикалық жағдайдың нашарлауынан демеуші мекемелер өз шығыстарын қайта қарастырды. Сол себепті бұл төлемдер тоқтап қалды. Біз атлеттерді түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жағдай реттелсе төлемдер де жалғасады", - деп жауап қайырды ҚР ауыр атлетика федерациясы өкілдері.

STAN.KZ
Жұма, 12 Маусым, 2020 16:32
Талқылау