Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында Азия біріншілігін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы бірде-бір қателікке жол бермей, алты мүмкіндіктің бәрін сәтті пайдаланды. 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқан спортшы қоссайыс сомасында 400 келіні көтерді.
Алғашында 181 келі салмақпен жарыста екінші орын алып, кореялық Йонхак Янгтан бір келіге артта қалды. Содан кейін Әділетұлы 219 кг штанганы көтерді.
Ауыр атлетикадани Қазақстан құрамасы осы турнирден алғашқы медальге ие болды. Азия чемпионаты 13 мамырда аяқталады.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандағы аз жалақы қандай проблемаларға әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі