Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Қазақстандық жас ауыр атлет Едіге Емберді Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Едіге Емберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, топ жарды. 89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) келіні бағындырып, алтыннан алқа тақса, екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 келі), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 келі) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 81 келі салмақта қола жүлдегер атанғаны туралы жазған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

