Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Алексей Чуркин (73 келі) қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде алғашқыда 146 келі көтерсе, аталған бәсекені ол 154 келі нәтижемен аяқтады. Бұл нәтиже оған кіші күміс жүлдеге қол созуға мүмкіндік берді.
Ал серпе көтеруде ол 186 келіні бағындырды. Одан кейін екі мәрте 191 келі салмаққа тапсырыс берген еді. Алайда бұл салмақты еңсере алмады. Егер 191 келіні көтергенде отандасымыз Азия чемпионы атанар еді.
Нәтижесінде қоссайыс қортындысымен еншісіне 340 келіні жазды. Осылайша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Талқылау

Үш жыл ішінде 1,3 миллиард: Электрсамокат иелері Қазақстан қазынасына қанша салық төледі
Bolt әлемнің 45-тен астам елінде жұмыс істейді

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
Соңғы күндері қазақстандық билік Гүлнәр Бажкеноваға бірнеше мәрте ескерту жасады