Қазақстандық әуекомпаниялар соңғы жағдайға байланысты Таулы Қарабақты айналып өтеді
Қазақстандық әуекомпаниялар Армения мен Әзірбайжандағы тұрақсыз жағдайға байланысты Таулы Қарабақ ауданын айналып өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуекомпанияларының Түркия, Еуропа және Израиль арасындағы рейстері Қарабақты айналып өтеді. Әуекомпания жағдайды мұқият қадағалап, ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдауда", – делінген хабарламада.
Әзірбайжанның қарулы күштері Таулы Қарабақта әскери операцияны бастағанын хабарлайды. Қазақстандық сарапшылар мұның елімізге әсерін айтып берді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”