Қазақстандық әуе компанияларының Иранның үстімен ұшуына тыйым салынды

Қазақстандық әуе компанияларына Иран аумағының үстімен ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұндай шешімді Азаматтық авиация комитеті қабылдаған.
"Иран аумағының үстіндегі әуе рейстерінің қауіпсіздігіне төнетін қатердің артуына байланысты ААК қазақстандық әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігінің үстімен, ішінде және оған жақын аймақтарда арнайы нұсқауға дейін іуе рейстерін орындауына тыйым салды. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өтетін бағыттармен жүзеге асырылуда. Жағдай ААК-ның бақылауында, қатер деңгейінің өзгеруіне қарай қосымша шаралар қабылданатын болады", – делінген хабарламада.
Қазақстандық әуе компаниясы Гүржістанға рейстерін уақытша тоқтатты
Қазақстанда қайтарылмайтын әуе билеттерін сатуға тыйым салу ұсынылды
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып ұшатынын мәлімдеген еді.
Еске салсақ, бұған дейін Иранда ұлттық валюта құлдырап, жаппай наразылықтар басталғаны, сондай-ақ наразылық акцияларының соңы тәртіпсіздік пен тонауға ұласқаны туралы жазған едік. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге оқ атқан жағдайда, оларға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін Иран өздеріне шабуыл жасалса Израиль мен АҚШ базаларына соққы беретінін ескертті.