Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әуе компанияларға жолаушылар "қара тізімін" жасауға рұқсат етіледі

Қазақстандық әуе компанияларға жолаушылар "қара тізімін" жасауға рұқсат етілуі мүмкін. Заңға тиісті нормаларды азаматтық авиация комитеті ұсынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азаматтық авиацияны дамыту бойынша жиында ААК-ның тиісті заңмен жұмыс атқарып жатқаны белгілі болды. Заң жобасы бойынша, адам басқармайтын ұшу құралдаын қолдануды реттеу бойынша нормаларды (қашықтық сәйкестендіру талаптары мен сертификаттауды) енгізу және оларды қолданатын аймақтарды анықтау ұсынылып отыр. 

Сондай-ақ, әуе компанияларына жолаушылар "қара тізімін" жасауға рұқсат етілу нормасын енгізу қарастырылуда. 



"Алайда азаматтар ұшақ бортында заң бұзып, кінәсі дәлелденіп, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылса ғана бұл тізімге кіреді", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, мұндай норма әлемнің көптеген елдерінде қолданыста. Мәселен, жуырда ресейлік әуе тасымалдаушылар "қара тізім" жасау мүмкінідігіне ие болды. 

Кей мемлекеттерде адамдар қара тізімге еніп қана қоймай, комақты айыппұл төлейді. Мәселен, США-да бортта жанжал шығарған жолаушы 25 мың долларға дейін төлеуге міндеттеледі. 

Талқылау