Қазақстандық атлет АҚШ-тағы әлем чемпионатында рекорд жаңартты
Жеңіл атлет Галина Якушева спорттық жүрістен Қазақстан рекордын жаңартты. Спортшы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында 35 шақырымды еңсерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Якушева бұл қашықтықты 2 сағат 54 минут 50 секундтқа жүріп өтті. Осылайша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы Юджиндегі әлем чемпионатында 17-орынды иеленді.
Тағы бір қазақстандық Полина Репина жарыстан шеттетіліп қалды. Әйелдер арасында спорттық жүрістен перулық Кимберли Гарсия Леон жеңіске жетті. Ол мәреге 2 сағат 39 минут 16 секундта жетті. Екінші орынды Польша спортшысы Катажина Здзебло (2:40.03), ал үшінші орында Қытай спортшысы Цеян Шэньцзе (2:40.37) иеленді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”