Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық асаба жертөледе немерелерін асырап отырған әжейдің несиесін жауып берді

Жиен немерелерімен жан баққан кейуана күтпеген көмекке кенелді. Тар бөлмеде тұрмыстың тауқыметін тартқан отбасыға әнші емес, актер емес, қарапайым асаба көмекке келді. 

Қазақстандық асаба жертөледе немерелерін асырап отырған әжейдің несиесін жауып берді

Бұл туралы "Сенбілік жаңалықтар" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол балаларға бас-сөз болған әжейдің несиесін толық өтеп, бір айға жететін азық-түлік қорымен қамтамасыз етті. 

Батыс Қазақстаннан келген асаба Нұрбек Саламатов немерелерімен жертөледе күнелткен обасыға қол ұшын созды. 

Зайра әжей балаларының рахатын көретін шағында 4 бірдей немересін бағып, асырап отыр. Қызынан туған балалар не әке мейірімін, не ана махабатын көрмей өсіп келеді. Жандары жаралы. Десе де әжесі далада қар күреп, еден жуып балаларын қатарынан қалдырған емес. 

Зайра әжей қызы өз өмірін жаңадан бастасын деген болар, бірақ ес біліп келе жатқан балалары бәрін біледі. Қызы олардан бөлек тұрады. Күйеуімен ажырасып кеткен. Балалардың әкесі алимент төлемейді. Туыстары да балалардан бас тартып, керек етпеді. 

Нұрбек Саламатов балаларға ақшалай сыйлықтар беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Одан бөлек әжейдің несиесін толығымен жауып берді. Алдағы уақытта да хабарласып, көмектесіп тұруға дайын екенін айтты. Келесі қайырымдылық эстафетасын "Назар аудар" театрына, театр әртістеріне жолдады. 

Талқылау