Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлде жеңіп алды

Ұлттық ұланФото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Дубай қаласында әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарыста еліміздің намысын бес құрама команда қорғады. Нәтижесінде олар Қазақстанның осы турнирге қатысу тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Kaz SWAT Team C командасы бірінші орынды, ал Kaz SWAT Team A командасы екінші орынды иеленді. Үшінші орын Қытай командасына бұйырды.

Сонымен қатар Kaz SWAT Team B сегізінші орынға, Kaz SWAT Team Tomiris он сегізінші орынға, ал Kaz SWAT Team D жиырмасыншы орынға тұрақтады.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Айта кетейік, Tomiris командасы әйелдер құрамалары арасында көш бастап, өзге елдердің кейбір ерлер командаларын да артта қалдырды.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 09:48