Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова келесі қарсыласын атады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова UFC-дегі келесі кездесу кіммен және қашан өтетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін UFC менің келесі жекпе-жегім кіммен өтетіні туралы ресми мәлімдеме жасады. Менің қарсыласым – Джиллиан Робертсон. Ол джиу-джитсу шебері. Бұл мен үшін үлкен сынақ. 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін кездесу қызықты болады деп үміттенемін", - деп жазды Мария өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске салсақ, қазақстандық спортшы қыз американдық ұйыммен төрт жекпе-жек өткізіп, оның екеуін жеңіспен, ал қалған екеуін жеңіліспен аяқтаған болатын. Агапова 30 шілде күні Оңтүстік Кореялық Джи Ен Киммен кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда жекпе-жек қазақстандық арудың тізедегі жарақатына байланысты өткен жоқ.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді