Қазақстандық әнші "Түркия дауысы" жобасында 4 тәлімгерді қаратты (видео)
Қазақстандық Мәриям Думан "Түркия дауысы" жобасына қатысып, 4 тәлімгерді өзіне қаратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
36 жастағы Мәриямның үш баласы бар. “Көрмей тыңдау” кезеңінде Мәриям мексикалық әнші Джульета Венегастың Me Voy әнін шырқады. Оған 4 тәлімгер де бұрылды. Ол түркиялық әнші Мұрат Бозудың командасын таңдады.
"Сәттілік пен қажырлы еңбек. Бұған сене алмаймын. Мен қайта сахнадамын. Әрқайсыңыздың қолдауыңызды сеземін. Рақмет!
Өмір кез келген жағдайды қабылдауды үйретті. Армандар орындалады. Бірақ бұл әлі бастамасы ғана", – деп бөлісті Мәриям.
Айта кетейік, Мәриям Думан отандық Super Star kz, X-Factor жобаларына қатысқан. Кейін өзін актриса ретінде сынап көріп, бірнеше телехикаяға түскен. Қазіргі уақытта өнерпаз Түркияда тұрады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”