Қазақстандық әнші Линда Нигматулина шетелге көшетінін мәлімдеді
Қазақстандық әнші Линда Нигматулина шетелге көшетінін мәлімдеді. Бұл туралы актрисаның өзі жария етті. Осылайша әнші жанкүйерлерін қызықтырып қойды.
Линда Нигматулина 15 жылдан бері Мәскеуде тұрады. Бір күн бұрын актриса басқа елге кететіні туралы ел күтпеген хабарлама айтты.
"Достар, мен көшемін. Қанша уақытқа екенін айта алмаймын, бірақ бірнеше жылға кетіп бара жатырмын. Өзім уайымдап әрі толқып тұрмын. Қазір маған өте қиын. Көп мәселені шешу керек болып тұр. Мен бұл шешімімнің дұрыс екеніне сенімдімін. Менің қай елге, қай қалаға кетпек болғанымды кім таба алады?", - деді актриса.
Желі қолданушылары актрисаның не себепті көшетінін сұрап, қайда көшетінін болжап жатыр.
Бұған дейін актриса, әнші Айгүл Иманбаева да Америкаға көшетінін көпшілікке жария еткен еді. Әнші жеке өміріне байланысты басқа елге кетіп бара жатқанын жазды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”