Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Біреуі келген жоқ": Қазақстандық әнші есірткі жасап, 16 жылға сотталғаннан кейін алғаш рет сұхбат берді

Фото: Видеодан скриншот

Q-pop бағытындағы "Madmen" тобының экс-мүшесі Алимурад Ибраимов 16 жылға сотталғаннан кейін алғаш рет сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі 2022 жылы сәуірде сотталған еді. Ол есірткі өндіріп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған. 

“Бұрын есірткі қолданғанымды мойындаймын. Менің қатем де сол болды. Негізі істе жеті адам болды. Олардың жартысы есірткіні дайындап, жасырумен айналысқан. Бірақ дені есірткіні өздері қолданатын. Қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылған адамдардың жартысын танымаймын. Топтағы әншілерден мен ғана сотталдым. Өйткені қылмыстық топтың басшысы Руслан Хван менің продюсерім болған. Бастапқыда продюсермен тек есірткі пайдаланып жүрдік. Қылмыстық топ туралы білмедік. Біздің сыртымыздан істелген дүние болды. Мен продюсеріммен жиі сөйлесіп, дос болғанбыз. Сондықтан мені осы істе сол адаммен байланыстырып қойды. Тергеу кезінде барлық жазысқан хабарламаларды көрсетті, – дейді Алимурад 1806 media-ға берген сұхбатында. 


  • Франция президенті мен Германия канцлері Киевке барар жолда есірткі тұтынды деп айыпталды

  • Алматы мен Астанада есірткі тасымалының халықаралық арнасы жойылды


Алайда өнер иесі есірткі пайдаланғанымен, қылмыстық топқа қатысы жоғын айтып, ақталды. Тіпті үкіммен келіспейтінін де жеткізді. Одан кейін топтағы жігіттермен араласпайтынын да жасырмады. 

“Төрт жылдан бері түрмеде отырмын. Біреуі келіп немесе жазып хабарласқан емес. Әркім өзінің өмірін сүріп жатыр. Оларға ешқандай ренішім жоқ. Қолыңмен жасағанды мойныңмен көтеру керек. Бәлкім, менімен байланысса, өздерінің бостандықтарына қауіп төнетін шығар?! Мен 16 жылға сотталатындай ештеңе істемедім деп ойлаймын. Адам өлтіргені үшін сегіз жылға соттайды. Түрмеде отырғанымен төрт жылдан аса уақыт өтті. Осы да жеткілікті шығар?! Қазір отырып, жан-жағыма қараймын. Бұл жақта ойлануға уақыт көп. Сондағы байқағаным, есірткі қылмысымен отырғандардың көбі – жастар. Мысалы 1000 адам болса, соның жартысы – жастар. Бостандыққа шыққаннан кейін шоу бизнеспен айналыспаймын. Би билеп, асыр салудан шаршадым. Бостандыққа шыққаннан кейін 30-дан асамын, көп уақытымды жоғалтамын. Уақыт жоғалтқым келмейді. Жас кезімде шашымды бояп, би билеп жүрдім. Ал енді 30 жастағы ер адамның солай жүргенін елестетіп көріңізші, – дейді әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 17:42
Талқылау