Қазақстандық әнші біржыныстылар туралы бейнебаян түсірді (видео)
Қазақстандық әнші біржыныстылар туралы бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
The Kitchen Song деген лақап атпен өнер көрсетіп жүрген отандық орындаушы Азамат Сыздықов "Екеуімізге бәрібір" әнінің тұсауын кесті. Бұл әнде махаббат жынысқа, ұлтқа, бойға, жасқа қарамайтыны туралы айтылады.
"Екеуіміз екі түрліміз бе? Бұл мәселе ме? Бұл махаббат", - делінген туындыда.
Осылайша, орындаушы заманауи өнердің белгісін көрсеткен. Ол қазіргі махаббатты толығымен сипаттап, шынай сезімдердің не екенін көрсеткісі келген. Өнер иесіннің бұл туындысын жастар қауымы жақсы қабылдап, пікірлерін жаудырды.
"Клиптің мағынасы махаббат жынысқа, дінге, ұлтқа қарамайды", "Қазақстанда мұндай туынды жасау қахармандық", "Өзінің бейнебаянында гейлерді көрсеткен алғашқы қазақ", "Егер ғашық болсаң, ұлтқа, дінге қарамайсың", - дейді жұрт.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”