AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Әлем чемпиондарының балалық шағы туралы не білеміз?

Ел намысын әлемдік ареналарда қорғап, байрағымызды биікте желбіретіп жүрген чемпион қыздарымыздың балалық шағына саяхат жасадық. "Алтын" қыздардың балалық шағы бір-біріне ұқсас деуге де болады. Көпшілігі қуыршақтың орнына, ойыншық көліктермен ойнап, көшеде доп қуып, асық атқан.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева кішкентай кезінде сурет салғанды жақсы көрген, болашақта дизайнер болсам деп армандаған екен.

"Ләззат кішкентай кезінде сурет салғанды ұнататын. Үнемі қуыршақтың, әдемі көйлектердің  суреттерін салатын. Неге бұл суреттерді салдың деп сұрағанда ол мен үлкейгенде дизайнер боламын деп айтатын", -Ләззаттың анасы Саламат Тұрғынбаева чемпионның бала кезін осылай деп есіне алды.

Ал, боктсан Азия чемпионы  Фариза Шолтай шығармашылыққа жақын болыпты. Өлең, шығарма жазғанды ұнатқан. Анасының айтуынша батыр әрі ақын қыз.

"Ол бала күнінен өлең жазғанды жақсы көретін. Үйде бір бөлмеге кіріп алып, шимайлап отыратын. Шабыты келген уақытта бәрін тастай салып, өлең жазуға кірісетін. Шумақ-шумақ болып өзі келеді дейді. Өзі ақын, өзі батыр қызым менің!", - деді Күлсая Өркенбаева.

"ВАЛЯ - 30 СЕКУНД" деген атпен танымал боксшымыз Валентина Хальзова бала күнінде өте ақкөңіл, айтқанды бірден қағып алатын, мейірімді бала болған екен. Отбасындағы басқа балалардан өзгешелігі өте ірі салмақпен туылғаны еді деді анасы Наталья Хальзова. 

Қазақстан тарихында тұңғыш рет, әйелдер арасында өткен бокстан әлем чемпионатында еліміздің байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтатқан Назым Қызайбай, бала күнінде аю, роботтармен ойнаған екен. Сондай-ақ, Назым үй жануарына да жақын көрінеді. Өзінің "зара" есімді күшігі де бар.

"Ол бала күнінде қыз болып қуыршақ ойнаған емес. Аю, робот немесе иттермен ойнайтын. Назым келген кезде бір елі де қалмайды қасынан. Үнемі еріп жүреді. Тура әке-шешесі келгендей қуанады..", -деді алтын қызымыздың ата-анасы.

"Ешқашан берілмеуді" өзіне ұран етіп алған Дина Жоламан, әзілге жақын бала болыпты. Ақкөңіл, елгезек қыз, бала кезінен барлығының көңілін тауып, күлдіріп жүргенді ұнатқан.

"Дина бала күнінде өте көңілді, айналасын күлдіріп жүргенді ұнататын ашық мінезді болды. Ойынан неше түрлі әзіл шығарып, айтып жүретін. Ол бала күнінде де қазір де тәттіні қатты жақсы көрді. Дина ешқашан қуыршақ ойнамаған. Ұнатпайтын. Тек ойыншық көліктермен ойнағанды жақсы көретін", -деді Динаның анасы Зәуре Жоламанова.  

2020 жылғы Қазақстан чемпионы атанған Рима Волосенко, керісінше ұл бала секілді бұзық  болған. Тіпті, Римадан ауладағы  ұлдар да  қорқақтап аяқ тартатын болған екен.

"Біздің Рима өте батыл қыз болып өсті. Ештеңеден қорықпайтын. Ол көшеге шыққан кезде, ойнап жүрген ұлдар бір біріне "...тығылыңдар, әне Рима келе жатыр.."- деп тым-тырақай болатын. Өзінен үлкен әпкесін де қорғаштап жүретін. Сыныпта да белсенді болды", деді Инна Федоровна.

Заты нәзік, жүрегі батыл, өздері батыр  қыздарымыздың бала, шала шақтарын ата-аналары осылай деп еске алды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр