Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актриса Отанынан Ресейге не себепті біржолата көшкенін айтты

29 жастағы актриса Бибігүл Ақтан Қазақстаннан біржолата көшіп кетті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ресейге біржолата көшуге шешім қабылдадым. Әрине, мұнда менде мүмкіндік көп екенін, уақыт құртпауым қажет екенін айтқандар болды. Қазақстанда қызық жобалар болса, келемін", - деді Бибігүл Ақтан өзінің парақшасында.

Айтуынша, бұл шешімге келу ол үшін оңайға соқпаған. Себебі Отаны, достары, жақындары алдында үлкен махаббат сезінсе, енді бір жағынан өзін қарыз сезінген. Алайда бірқатар себептердің әсерінен актриса Алматыдан, Қазақстаннан біржолата кетуді нақ шешкен. 

"Қазақстандағы жобаларға көңілімді, уақытымды көбірек бөлуім керек деп ойлағанмын. Тіл үйреніп, бос уақытымды Отаныма арнап өзімнің лайықты екенімді дәлелдегім келген. Алайда көп адам "тілді онша жақсы білмейсің, дұрыс үйреніп жүрген жоқсың, дұрыс сөйлемейсің" деп шағымданып жатты. Ал жобаларда тиын-тебен ғана төлейді, оған өмір сүру қиын. Көпшілігі достықты желеу етіп "Бибігүл біз доспыз ғой, қазір ақша жоқ, келесі жобада саған керемет гонарар береміз", деп айтады. Алайда мұның бәрі бос сөз. Артыңнан өсек-аян айтылады, ал сен әрдайым адам сияқты жұмыс шарттары үшін тырысып бағасың", - деп жазды Бибігүл Ақтан. 

Алайда актриса кей жобаларын жылулықпен еске алады. 

"Әрине жаныма жылу сыйлайтын жобалар да бар, бір күні олар жайлы айтып беремін, жүректе қалған адамдармен де сіздерді таныстырамын", - деді актриса. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр