Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер: Сахнада ән салып, өнер көрсетіп жүргендер теріс ағымның жетегіне еріп кетті

Қазақстандық актер, театр әртісі Нұрлыбек Жұбатқан әріптестерінің өзге ағымға кіріп кеткенін айтты. Өзі сахнада жүрген ұл-қыздарды жолынан қайтарғанын мойындады. 

Нұрлыбек Жұбатқан бір кездері мыңдаған көрерменді күлдіре алған актер. Миллиондаған көрермені бар. Сахнадағы әріптестерім бір күндері жолынан тайып, өзге ағым жетегінде кетті деп налиды ол. 

"Қазақ жерінде қасиет қонған ерекше адамдар көп. Соның бірі халық емшісі - Жанарыс Еңсепов еді. Жұрт оған "Қыдыр ата" деп ат қойды.

Алдына барған науқастар айығып, шаруасы теріс кеткендер оңалып жатты.2007 жылы Қыдыр атаға баруға тура келді. Мен емес, театр науқасқа ұшырады. Олай дейтінім сахнада ән салып, өнер көрсетіп жүрген кейбір қыз-жігіттер ойламаған жерден теріс ағымның жетегіне еріп, домбыра көрсе шошитын болды. Тым жақсы таланттар көз алдымда жоғалып барады. Содан таң атпай кезекке тұрып, Қыдыр атаның қабылдауына келдім. Бір жағынан жүрегім дүрсілдеп қорқып тұрмын. Жүздеген халық ем қабылдайтын аулада емшіні күтіп отыр. Бір кезде кіріп келді. Бірінші рет бетпе-бет көруім еді. Көзіме көненің батыры елестеді. Тұлғасы ірі, көз жанары өткір екен. Көпшіліктің арасынан мені танып қалды.

"Өнердің адамы төрде отыру керек" деп қасына шақырып алды. Қуанып қалдым. Бұл жерге эстрада жұлдыздары мен саясаттың сарбаздары да жиі келіп бата алатынын білдім.

Келген шаруамды айтып едім, "тентектеріңді түгел алып кел, өзім жеке қабылдаймын" деді.

Нұрлыбек Жұбатқанның айтуынша, әріптестерін емшінің алдына әкеп, көзарасын түбегейлі өзгерткен. Домбыра көрсе, шошитын өнерпаздар қайта сахнаға оралған екен.

"Содан балаша мәз болып шықтым. Ертеңіне әлгі адасқан әртістерді алдына әрең көндіріп апардым. Екі сағат қазақ ұлтының қасиеттері туралы керемет әңгімелер қозғады. Саналарына әбден сіңдіріп тастаған небір құйтырқы сұрақтарына шеберлікпен жауап берді. Бір аптадан соң таланттарына дақ түсе бастағандар түзеліп қайта қатарға қосылды.

Міне, осы кездесуден кейін, жақсы таныс болып кеттік. Қазір, өкінішке қарай Қыдыр ата өмірде жоқ. Бірақ,оның рухы мәңгі тірі",- деп жазды актер парақшасында.

"Рухы пейште шалықтасын. Тәңірім жарылқасын", "Қаза қайырлы болсын. Топырағы торқа болсын", "Алла алдынан жарылқасын", "Алланың сүйікті құлы", деп жазды желідегілер. 

Талқылау
Пікір
ДильназЖалгасова
08 Қаз, 20 жыл - 20:27

Қыдыр атаның сүйікті ұлы Жанарыс Жақсылықұлы! Мәңгі біздің жүрегіміздесіз,аташым!

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр