Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуға шақырып, Украинадағы соғысты сынаған діни қызметкерді полиция жауап алуға шақырған

Қазақстанды ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуға шақырып, Украинадағы соғысты сынаған діни қызметкер Иаков Воронцовты 22 қараша күні Алматы полиция департаментіне шақырған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Иаков Воронцов

Бұл жайлы журналист Данияр Молдабек жазды.

“Полиция қызметкері хабарласты. Материалдармен танысып, түсіндірме хат жазуым керек екенін айтты. Бұл Facebook-тегі жазбаларым үшін”, – деп мәлімдеген Воронцов.



Иаков Воронцов ашық хатта Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптаған 300-ге жуық орыс православие шіркеуінің діни қызметкерінің бірі болды. Сондай-ақ діни қызметкер Қазақстан православие шіркеуінің Мәскеу патриархатынан тәуелсіз етуіне шақырған. 2023 жылдың маусым айында Орыс Православие Шіркеуінің Қазақстан Митрополиттік округінде қызметін тоқтатты. Иаков бір жылдан астам уақыт бойы басшылықтан қысым көріп келгенін айтқан.

Талқылау