Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды шарлап шыққан саяхатшы ең нашар жолдар қай облыста екенін айтты

Ақтөбелік шебер Владимир Силевич күн көлігін жасап, сонымен бүкіл Қазақстанды шарлап шыққан. Ол саяхат барысында елімізде ең нашар жолдар қай аймақта екенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ер адам ноутбук пен компьютерлерді жөндеумен айналысады және  техникаға қызығушылығы мол. Өз қолымен күн көлігін құрастырған. 

"Орал, Ақтөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған арқылы өттім. Содан кейін Алматыға оралып, солтүстікке қарай Қарағанды, Астана, Көкшетау, Қостанайда жүрдім. Шамамен 2,5 ай кетті. Күніне 280 шақырым жүріп, өзіме рекорд орнаттым", –  деді саяхатшы. 

Силевич алты мың шақырымнан астам жол жүрген.

"Ең қорқынышты жолдар – Ақтөбе облысында. Бұдан жаманын еш жерде көрмедім. Басқа жерлерде де тесік, кедір-бұдыр жерлер бар, содан кейін жақсы жолдар бар. Қарағанды жолында қиыршық тастар көп, бірақ ол жөнделуде. Ал бізде Ақтөбеден Қарабұтаққа дейін жол сұмдық! Көкшетаудан Қостанайға дейінгілер мінсіз. Онда "Тесла" емін-еркін жүре алады", – деді Владимир.

Ақтөбелік ер адам жолдың сапасынан көңілі қалғанымен, халықтың пейіліне разы болғанын айтты. Айтуынша, Сарыкөл ауылында шиномонтаж қызметкері доңғалақты ауыстырғаны үшін ақша алмай, өзіне екі мың теңге ұстатқан. Жол полицейлері де түсіністік танытып, көлікті суретке түсіріп, жолға ақша берген.

“Шиномонтаж ішінде түнедім,  келесі күні көлігіме қызығушылық танытқан ер адамдар келді. Олар бір дөңгелектің дұрыс емес екенін байқап, маған біреуін сыйға тартты. Көптеген мейірімді адамдарды кездестірдім. Астанадан алыс емес жерде қуат таусылып, жолдан шықтым. Сол кезде Тургеневка ауылының адамы жаныма келіп, үйіне шақырып, тамақтандырды”, – деді ақтөбелік саяхатшы.

Айтуынша, оны өз үйіне қондырып, қонақ еткен адамдар көп болды.

"Бұл сапар маған жаңа достар мен тәжірибе берді", – деді Владимир.

Талқылау