Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жоғары медициналық колледждер жаппай тексерілмек

Қазақстандағы медициналық колледждердің "жоғары" атағына қаншалықты лайықты екенін тексеру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Қаулы жобасын денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген. Құжатта студенттердің оқу деңгейіне және адам ресурстарын дамытуға жаңа талаптар қойылуы мүмкін екені айтылған.

Жаңа ереже қолданысқа енсе “жоғары медициналық колледжі" атану үшін оқу орындары белгіленген стандарттарға сәйкестігін растауы қажет.

Медициналық колледждер әлі де кадр тапшылығы мәселесін шеше алмай отыр. Сонымен қатар көптеген оқу орындары "жоғары медициналық колледж" деп атала бастаған. Қазір мекеменің "жоғары" атауы оқу орнының дәрежесінің көрінісі емес.

"Бұл мәртебе медициналық колледждерге қолданбалы бакалавриаттың түлектерін және біліктілігін арттыру тәжірибесіндегі медбикелерді дайындауға мүмкіндік береді. Мұндай ұйымдардың жоғары деңгейдегі адам ресурстары, инфрақұрылымы, тиісті материалдық-техникалық базасы болуы қажет", – дейді денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар департаменті медбике ісін дамыту басқармасының басшысы Назира Жоланова.


"1 230 700 теңгеге дейін өседі": C. Асфендияров атындағы медицина университетінің студенттері оқу ақысының өсуіне наразылық танытты


Министрлік өкілінің айтуынша, медициналық ұйымдардың қызметкерлерді оқыту сапасына көңілі толмайды, өйткені оқу орындарының клиникалық базасы жоқ. Сондықтан мамандарды жұмысқа алу кезінде қосымша оқытып, оған ақша мен уақыт жұмсауға тура келеді.

"Бізге теоретик-медбике не үшін қажет? Бізге оның өзінен талап етілетін процедураларды орындай алғаны жетклікті. Қазір медбикелер мен фельдшерлерге көбірек өкілеттіктерді жүктеу үдерісі жүріп жатыр. Дәрігер салмақты, сараптамалық жұмыс істеуі керек, себебі дәрігер мемлекетке көп шығын әкеледі. Сараптама, диагностика, күрделі операциялар, сондықтан оқу процесіне қойылатын талаптар да өсуде", – дейді профессор, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Ал медицина қызметкерлерінің өздері жұмысқа қабылдау кезінде қай колледжді бітіргеніне және оқу орнында "жоғары" мәртебесінің бар-жоғына сирек қарайтынын айтады. Олардың айтуынша, медициналық ұйымдар  дағдылар мен кәсіби жарамдылықты бағалайды. 

Жоғары медициналық колледждерді бағалау тәртібіне өзгерістер енгізу жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Құжат 12 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру бойынша төлем ережелері өзгеретіні туралы жазған едік. 

Талқылау