Қазақстандағы жалпыға бірдей декларация: Тапсырып үлгермегендер қанша айыппұл төлейді
Бүгінде Алматыда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысан) 3-кезеңдегі 342,9 мың декларанттың 255 мыңы тапсырды. Бұл азаматтардың 75%-ы. Декларацияны заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары мәлімет беруі қажет. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аlmaty.kgd.gov.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pexels.com
Бірінші және екінші кезеңнің декларанттары табыстары мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруға белсенділік танытты (270.00 нысан). Мәселен, 205,9 мың декларанттың 184 мыңы өтті. Бұл азаматтардың 90%-ы.
Айыппұлдар туралы
Баршаға мәлім, декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 51 750 теңге (15 АЕК) айыппұл салынады. Егер жеке тұлғаға жеке кәсіпкер ретінде алғаш рет ескерту жасалса (мысалы, 910.00 нысанын уақытылы ұсынбағаны үшін), 250.00 немесе 270.00 нысаны бойынша декларацияны беру мерзімі бұзылса, онда 15 АЕК көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді.
Жеке кәсіпкерлер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы
2024 жылы 2 қаңтардан бастап тіркелген кәсіпкерлер биыл декларация тапсыру міндетінен босатылады. Өйткені 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша олар кәсіпкер ретінде табылмаған. Дегенмен міндеттеме төртінші кезеңде, яғни 2025 жылы пайда болады.
2024 жылғы 1 қаңтарда және осы күнге дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар 250.00 нысанындағы декларацияны тапсырады.
Декларанттардың жұбайлары
Назар аударыңыз: әртүрлі себептермен 3-кезеңдегі декларанттардың көбінің жұбайы декларацияны тапсыру міндетін орындамайды.
2023 жылдың 31 желтоқсанында заңды некеде тұрған адамдардың 2024 жылы аяқталған ажырасуы жағдайында өтініш беру міндеті ерлі-зайыптылардың екеуінде де қалады.
Қарыздары бар жеке тұлғалар үшін
250.00 нысанын толтырғаннан кейін басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегін (дебиторлық берешегін) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегін (кредиторлық берешегін) көрсету үшін қосымша декларацияны беру арқылы өзгерістер енгізуге болмайды.
Ұзарту мүмкіндігі жоқ тұлғалар
Кәсіпкерлер 250.00 және 270.00 нысандарын тапсыру мерзімі ұзартылмайтынын білуі керек. Бұл бланкілерді тапсыру мерзімін ұзартудан ерекшелік тек әскерге шақырылушыларға арналған. Олар үшін тапсыру мерзімі қызмет өткеру уақытына автоматты түрде ұзартылады.
Резидент еместер туралы
Салық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, резидент еместер декларанттар тізімінен шығарылды, яғни олардың 250.00 нысандағы активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру міндеттемесі жоқ.
Басқа жағдайларда да Салық кодексінің 217-бабын басшылыққа алу қажет. Мұнда салық резиденттігін анықтаудың негізгі критерийлерінің бірі Қазақстанда болу мерзімі есептеледі.
Егер резидент емес жеке тұлға Қазақстан аумағында күнтізбелік жылда жалпы саны 183 күннен аз болса, онда 250.00 нысанындағы декларацияны ұсыну қажет емес. Егер сіз 183 күннен артық өмір сүрсеңіз, оны өтуіңіз керек.
250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды тапсырудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 15 қыркүйегі. Декларацияны "Салық төлеуші кабинеті" (cabinet.kgd.gov.kz), "Электронды үкімет" порталы (egov.kz), "e-Salyq Azamat", eGov mobile, Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz сияқты электронды қызметтер арқылы тапсыруға болады.
Келесі 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңінде қалған санаттар үшін 250.00 нысанындағы декларацияны тапсыру міндетті. Алматының 1 миллионнан астам азаматы – қызметкерлер, жеке құрылымдар, уақытша жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, студенттер және 18 жасқа толған азаматтар тапсыруы қажет.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа Салық кодексі 2026 жылдан бастап іске қосылатынын жаздық. Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жаңа салық кодексі 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданып, 2026 жылдың қаңтарына дейін күшіне енетінін айтты. Жаңа кодекс жобасында қарыздың мөлшеріне байланысты мәжбүрлеу шаралары енгізілуі мүмкін. Одан жоспарлы салықтық тексерулер алып тасталып, 5 миллион теңгеге жуық қарыз болған жағдайда кейінге қалдыру туралы тармақ қосылды.