Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттық холдингтердің өз еншілес компанияларынан қанша дивиденд алғаны белгілі болды

Қазақстандағы "Бәйтерек“ ұлттық басқарушы холдингі" мен "Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қорының” еншілес компаниялары акционерлерге қанша дивиденд төлегені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

дивиденд

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарының ішінде жалғыз акционер ретінде ұлттық басқарушы холдингке төленген дивиденд көлемі бойынша "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ көш бастады. Аталған компанияның дивидендтері 1 жылда 8,6 есе өсіп, 2022 жылы 31,3 миллиард теңгеге жетті (бір жыл бұрын 3,6 млрд теңге болған). Ал таза пайдасы 2022 жылы 8,6 есе артып, 44,7 миллиард теңгеге жеткен. Дивидендтерді төлеуден басқа, қалған пайда инвестициялық және операциялық қызметті қолдауға және ҚТК қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалады.

Айта кетейік 2021 жылы "Бәйтерек" холдингі "Бәйтерек девелопмент", "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" және "Қазақстан ипотекалық компаниясын" біріктіріп, “Қазақстан тұрғын үй компаниясы” атты бірыңғай операторды құрған. 

Төленген дивиденд өсімі бойынша 2-орында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (2020 жылы таратылған "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымы) тұр. Компания 13,7 миллиард теңге дивиденд төлеген. Осылайша көрсеткіш 2,2 есеге өсіпті. 

Үздік үштікке "Отбасы банкі“ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ бар. Компания төлеген дивидендтер 2 есеге өсіп, 67,2 миллиард теңгеге жетіпті. 

2022 жылы "Қазақстанның даму банкі" АҚ және "Bereke Bank" АҚ дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдаған. Ал "KazakhExport“ экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ 2022 жылға арналған мәліметтерін ашық дереккөзге жарияламаған. 

"Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ға келер болсақ, мұнда төленген дивиденд көлемі бойынша "Самұрық-Қазына Құрылыс" АҚ алдыңғы орында тұр. Компанияға "Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қорына” 3,2 миллиард теңге төлепті, өсім 58,5% болған. 

“ҚазМұнайГаз“ ұлттық компаниясы" АҚ 300 миллиард теңге дивиденд төлеген. Ал “Тау-Кен Самрук“ ҰТКК" АҚ көрсеткіші 0,2%-ға көбейіп, 89 миллиард теңге көлемінде дивиденд төледі. 

Дегенмен "Самұрық-Энерго" АҚ, "„Қазатомөнеркәсіп“ ұлттық атом компаниясы" АҚ, "KEGOC" АҚ және "Қазақтелеком" АҚ "Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қорына” төленетін дивидендтерін қысқартыпты. “Қазақстан темір жолы“ ұлттық компаниясы" АҚ дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдаған.

Талқылау