Қазақстандағы университеттерде жаңа оқу жылынан бастап Ashyq енгізіледі
Жаңа оқу жылында қазақстандық жоғары оқу орындары Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Оқу жылының басына қарай жоғары оқу орындарында Ashyq жүйесі толығымен енгізіледі", – деп растады ведомствода.
Айта кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинацияланған студенттер оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер, сауықтыру санаторийлеріне жолдамалар, тегін тамақтану және қоғамдық көлікте жол жүру талондарын алатыны хабарлаған.
Сонымен қатар вакцина салдырған оқытушылар жәрдемақы мен ақылы демалыс күндерін ала алады. Бірақ басты шешімді ЖОО басшылары қабылдайды. Әрбір ЖОО мүмкіндігіне қарай жеңілдік береді.
ЖОО тізімімен және жеңілдіктермен мына жерде танысуға болады.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ