Қазақстанның 2020 жылдағы ең үздік университеттері: Рейтингтер жарияланды

Жақында Қазақстанның студенттер альянсы еліміздің ЖОО арасында ең үздік және ең нашар университтеттерді анықтады. Бұл зерттеу барлығына бірдей ұнамаған секілді: ұйымдастырушылар оқу орындары басшылықтарының наразылығына ұшырағандарын айтады. Бұған қоса студенттер альянсы дайындаған рейтинг жыл сайын жарияланатын Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің нәтижесінен әлдеқайда бөлек. Бұған не себеп? Оқу орнын таңдағанда талапкерлер қайсыған сүйене алады? Бұл туралы Stan.kz тілшісі анықтап көрді. 

түлек

ЖОО-лардың халықаралық немесе қазақстандық рейтингтерде алдыңғы қатарға шығуы оның сұранасын арттыратыны айтпаса да белгілі. Әлемге танымал QS рейтингісінен бөлек, қазақстандық университеттердің дәрежесін анықтау үшін бірнеше басқа да рейтингтер құрастырылып жатады. 

Қазақстанда жыл сайын Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі, "Атамекен" ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы ең үздік оқу орындарының тізімін анықтап отырады. Дегенмен бұл жылы студенттердің пікіріне негізделген тағы бір рейтинг құрастырылды. Зерттеуді  Қазақстан студенттері альянсы ұйымдастырыпты. Бұл алғаш рет тікелей студенттер, магистранттар, докторанттар мен түлектердің бағалауымен ЖОО-лардың жасалған рейтинг. Оны дайындау үшін жасалған сауалнамаға еліміздің 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қалада орналасқан 118-нің 110 жоғарғы оқу орындарының білім алушылары мен түлектері рейтинг жасауға қатысыпты.

Осы тұрғыда Қазақстандағы көп салалы университеттердің ұлттық рейтингі мен Қазақстан студенттері альянсы дайындаған рейтингі салыстырайық. 

рейтинг

Рейтингті ұйымдастырушылар зерттеудің жоғарғы білімді тәуелсіз бағалау, абитуриенттерге кәсіптік бағыт-бағдар беріп, жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету, еліміздегі білім жүйесін дамытуға үлес қосу және ҚР Білім орындарына жауапты министрліктері мен ЖОО басшылықтарына ұсыныстар әзірлеуге бағытталғанын айтады. Студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде, еліміздің ең үздік және ең нашар ЖОО анықталыпты.

Біздің редакция Қазақстанның студенттер альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаевпен тілдесіп, рейтингтің жасалу барысы жайлы білген еді. Сөзінше, студенттер альянсы құрастырған рейтингтің басқаларынан әлдеқайда өзгеше. 

 

Рейтингтің өзгешілігі - оның студенттердің пікіріне негізделуі

Бұл рейтингті Қазақстанның студенттер альянсы ұйымдастырды. Былтырғы жылы біз республика бойынша ауқымды жоба іске асырған болатынбыз. Бұл жоба жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға бағытталды. Университеттер мен колледждердегі студенттермен байланысты органдар мен комиттеттермен бірігіп, жұмыс атқардық. Өңірлерді аралап студенттердің шағымын тыңдадық. Осы шағымдардың негізінде қоғамдық пікір ретінде қалыптастыру әлеуметтік сауалнаманы өткіздік. Сауалнамадағы сұрақтар студенттер айтқан өзекті мәселелерді қамтыды. Мәселен осы жылы пандемияға байланысты қашықтан оқыту туралы студенттер көп шағым келді. Сол себепті осы рейтингті құрастыру туралы шешімге келдік. Бұл рейтингтің басқаларынан ерекшелігі неде? Басқа рейтингтерді жасауда арнайы орталықтардың немесе сарапшылардың пікірі есепке алынады. Ал біз студенттердің пікіріне барынша негізделіп, оларға ыңғайлы тәсілді таңдауға тырыстық. Сауалнама онлайн түрде екі тілде - қазақша және орысша өтті. Осының нәтижесінде әрбір оқу орнына берілген студенттердің бағасы бойынша рейтинг құрастырылды.

Рейтинг дайындалмас бұрын білім және ғылым министрлігі мен ЖОО басшыларына ресми түрде хат жіберілді. Ал сауалнама жайлы ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы таратылды. 

 

Төменгі орынды иеленген университет басшылары үстімізден шағымданды

Бұл рейтингпен келіспейтін университеттер көп болды. Қоғам арасында бұл рейтинг кең таралғаннан кейін ЖОО басшылары бізге шағымдарын жеткізіп жатты. Әрине, қай университет басшылығы өздерін төменгі сатыда көргісі келеді? Біз олармен рейтинг жасалмас бұрын да, одан кейін де толық ақпаратты жібере отырып, түсіндіру жұмыстарын өткіздік. Қиыншылықтар бар. ЖОО басшылары көбіне ашық саясатқа келмей жатады. Біз аталмыш университеттің беделі өсу үшін мұның қажет екенін айтсақ та түсінбейтіндер бар. Олар келіспей, тіпті, рейтингтен алып тастауын сұрап, біздің үстімізден шағымданды да. Бірақ қазіргі таңда жағдай жақсы жаққа өзгеріп келеді. Бізді кездесуге шақырып жатқандар да бар.

 

Рейтингте көшбасшылыққа ие болған ЖОО басшылары серіктес болуға ниет білдірді 

Мәселен, жатақхана, материалдық-техникалық базаны қалай дамытуға болады деген сынды идеяларымызды айттық. Келіспейтін жағдайларды бірге талқылайық, тілдесейік деген ұсыныс та білдірдік, ары қарай серіктес болуға шақырдық. Үздіктердің қатарынан табылған университеттер біздің ұсыныстарды жылы қабылдады. Олар көрсетілген сұрақтар бойынша тығыз жұмыс атқаруға ниет білдіріп жатты. Ары қарай беделдерін қалай көтеруге болатыны жайлы сұрап жатты. Атап айтсақ,  Астана медицина университеті, С. Асфендияров атындағы ҚазНМУ, Назарбаев университеті, С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті, Алматы қаласындағы Қазавтожол университетінің ректорлары хабарласып, жылы лебіздерін білдірді. 

 

Студенттер кемшіліктерді мойындап жатты

"Еш студент өзінің университетін төменгі орында болғанын қаламайды ғой. Әрине, көштің соңында қалған ЖОО-лардың студенттері өз келіспеушіліктерін айтты. Кейбіреулер кемшіліктерді мойындап жатты. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан студенттер жайлы ақпараттарды біз ешқайда жарияламадық. Себебі олардың білім ошағының басшыларынан қысым көргендерін қаламадық. Сауалнамадан жүз мыңнан астам студент өтті. Менің ойымша, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл еліміздегі барлық студенттер санының 10-15%-ы ғана әрине. Алдағы уақытта сауалнаманың ауқымын кеңейеді деген ойдамыз.

Мысалы бір оқу орындарында 20000 студент болса, бір жақта тек 2000 мың. Біз рейтинг жасағанда студенттердің санынан емес, олардың жауабына қарадық. Бір орындарда бес мың студент өткен, ал екіншісінде тек 20 ғана. Бұл дегеніміз аз өткен оқу орнында қандай да бір проблема бар деген сөз. Өз кезегінде мұны түзету керек. 

 

Университеттердің өзіне халықарылық сарапшылар келсе, ЖОО-ның 

беделі басқа болар еді 

Халықаралық, республикалық рейтингтердің қалай жасалатыны белгілі дүние. Ресми түрде жасалатын статистиканың дайындалу барысына сарапшы ретінде қатысқанмын. Оны дайындайтындар көбіне осы сарапшылардың пікірі мен көзқарасына сүйенеді. Ал QS болса әлемдік университеттердің оқу есесін сұраптып, соны сараптай отырып, нәтижесі бойынша рейтинг құрастырады. Ал егер QS сарапшылары әр университетке өздері келіп, оқу үрдісін тексеретін болса, мүмкін рейтинг те басқаша болар ма еді. 

Көктемде қашықтан оқу көшкен кезде көп оқу орындарын студенттердің жағдайын түсінуге тырыспады. Мысалы кейбір студенттер аяқ-асты қабылданған шешімге дайын емес еді. Сол себепті кейбіреулердің техникалық қамтамасыз етілуі ақсап қалды. Ал университет тарапы болса оны ескермеді. Яғни емтихандарды немесе диплом қорғау  кейінге шегермеді. Ал бұл жағдай QS рейтингісінде ескерлісе, университет беделі түсер еді. 

 

Университет басшылықтары алғашында салғырттық танытып ,

артынан кейін ренжіп жатты

Рейтинг жариялағаннан кейін сыни көзқарастар айтылды. Мысалы бізге ғылыми зерттеулер мен агенттіктердің жұмыстарына сүйенбеген деген сын айтылды. Сондықтан алдағы уақытта біз осыны ескере отырып, арнайы бағдарлама ұйымдастыру деген жоспарымыз бар. Содан кейін сырттан екі-үш сарапшы шақыртамыз деп шештік. Содан кейін сұрақтың ішінде жемқорлық секілді өткір мәселелерді қарастырғаннан кейін, құзырлы органдардың пікірлерін ескеруді қарастырдық. 

Ең бастысы, көктемде рейтин жасар кезде ЖОО-ға хабар жолдаған кезде, олардың тарапынан салғырт қарағандары байқалды. Сауалнаманы студенттердің арасында таратпады, соның салдарынан төменгі орындарға түсіп қалды. Сосын бізге реніш білдірді. Жақсы деп ойлап жүрген оқу орындары төмен орналасып қалды. Егер  20 мың тәлімгері бар оқу орнында кем дегенде он бес мың адам сауалнамадан өтсе, өте керемет болады. Себебі оның нәтижелері білімнің дамуына да, болашақ талапкерлер үшін де өте маңызды. Кәсіби бағдар бола еді. Жоғарғы оқу орындарының басшылықтары "сіздердік дұрыс емес, біздің айтқанымыз ғана хақ" деген сынды жабық есік саясатын ұстанады. Барлық идеал дегеннің орнына конструктивті диалогқа келіп, мәселені көрсетіп, оны шешуге болады. 

Алдағы уақытта бұл рейтингті жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарда бар. 

студенты

Дегенмен білім және ғылым министрлігі өкілдерінің бұл рейтинг жайлы айтары басқа.  

"Қазақстан студенттерінің Альянсы" Республикалық студенттік қозғалысының (бұдан әрі - АСК) рейтінгісіне келетін болсақ, ол қоғамдық ұйым болып табылады сондықтан Министрлікке бағынысты емес. Министрлік ресми түрде рейтингті қалыптастыру әдістемесімен таныстырылған жоқ.

Алайда АСК-ның ақпараты бойынша олар білім алушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген. АСК-ның ЖОО-ларға жолдаған нәтижелері сауалнамалар өткізуге қойылатын әдістемелік талаптарға сәйкес жүргізілмегенін көрсетеді. Рейтинг құрау кезінде тұрақты деректерге сүйенген жөн, ал сауалнама нәтижелері сапалық параметрлерден сандық параметрлерге келтірілуі керек. Сондықтан АСК-ның ақпаратын рейтинг деп санауға болмайды. Дегенмен, ЖОО-лар АСК ұсынған ақпаратты процестерді жақсарту бойынша ұсыныстар ретінде қабылдауда", - деді білім вице-министрі Мирас Дәуленов.

Дайындаған Дидар Халық

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр