Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы турист көп келетін ТОП-5 өңір белгілі болды

Былтыр ең көп турист демалған Қазақстандағы ТОП-5 курорттық өңір белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 миллион турист келген. Қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 миллиард теңгеге жетті.

Туризм министрлігінің ақпараты бойынша, туристер арасында ең танымал туристік орындар:

5-орын: Балқаш курорттық өңірі

Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.


Қазақстандықтар 2025 жылы қай елдерге визасыз бара алады


4-орын: Алакөл курорттық өңірі

Алакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған. Осылайша, бұл өңір еліміздің басты табиғи інжу-маржаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі

Орманы, көлдері және курорттық кешендерімен әйгілі бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған.

2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі

Маңғыстаудың көрікті пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.

1-орын: Алматы тау кластері

Еліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр. Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған. Әсем тау пейзаждары мен таза ауасы өңірді белсенді және табиғат аясындағы демалысты ұнататындар үшін нағыз тартымды орынға айналдырды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандағы 2025 жылы үздік туристік ауылдар анықталғанын жазғанбыз.

Талқылау