Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден кейін елімізде тұрғын үй сатып алушылар саны азайған

Еліміздің бірнеше аймағында болған қанды қақтығыс тұрғын үй нарығына да әсер еткен. Риэлторлар қазір баспанаға сұраныс тым төмендеп кеткенін және сатылымның мүлдем жоқтығын айтады. Ал бұған дейін пәтер сатып алуға ниет білдірген азаматтар райынан қайтып, баспананы шет елдерден іздей бастаған дейді сарапшылар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

тургын уйлер

Десе де мамандар, бұл жағдай тұрғын үй бағасына еш әсер етпейді деп отыр. Өйткені құрылыс материалдарының жылдан-жылға қымбаттауы баспана бағасына әсер етуі мүмкін. Болжам бойынша, биыл жылжымайтын мүлік бағасы тағы 15 пайызға қымбаттамақ. Алматыда жыл басталғалы тұрғын үй нарығындағы сауда-саттық тұралаған. Мерекелік демалыстар мен елде интернеттің бұғатталуына байланысты, пәтерлерін сатылымға шығарып жатқандар да азайған. Ал террорлық шабуылдан соң жылжымайтын мүлікке деген сұраныс тіпті төмендепті.

Сарапшылардың айтуларынша, қазір пәтер сатып алуға ниетті азаматтар да келісім-шарттарын уақытша тоқтатқан. Яғни, көпшілік апат ошағынан гөрі, қауіпсіз елдерден үй алғанды жөн көреді дейді.

“Меніңше, қазір жылжымайтын мүлік бағасы арзандайды деп үміттенудің қажеті жоқ. Әрине, көбіне сатып алушылар бүлік болған елден мүлік алмауға тырысады. Және сол кезде баспананың нарықтағы бағасы 5-10 пайызға төмендеуі мүмкін”, – дейді  Жылжымайтын мүлік қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко.

Нина Лукьяненко елді дүрліктірген "Қаңтар қырғыны" сауда-саттықты тұралатқанмен, тұрғын үй бағасына әсер етпейді деді. Яғни, баспана құны күрт арзандайды деген пікір қате. Себебі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның құбылуы халықтың төлемге қабілетті болуы мен инфляцияға тікелей байланысты.

Айтуынша, елдегі ахуал түзеле сала, сұраныс қайта арта бастайды. Ал тұрғындар мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілсе, көптеген отбасы баспаналы болар еді деп отыр. Ал кейбір сарапшылар, баға шет елдерден жеткізілетін құрылыс материалдырының құнына байланысты қымбаттайды дейді.

Сондықтан, баспана бағасы жақын арада төмендемейді деп кесіп айтты. Тіпті биыл жылжымайтын мүлік орташа есеппен 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін екен. Ал оған тосқауыл қоюдың жалғыз жолы импорт көлемін азайтып, отандық өндірісті дамыту деп отыр. 

Талқылау