Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі тұтқындалды

Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, жарты жолда кездесіп, бейбіт акцияға қатысушылардың талаптарын орындағанымен, арандатушылар қақтығысты ушықтырмақ болған.

"Бүгінгі күні қамауға алынғандар арасында тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі бар. Мысалы, Алматыда деструктивті діни ағымның қылмыстық бағыттағы бір топ мүшелері ұсталды. Ұстау кезінде қолдануға дайын атыс қаруы табылды", - деді Ризабек Ожаров.

Сонымен бірге, оның айтуынша, топтың бір бөлігі қаланың төменгі бөлігіндегі баррикадаларда, ал екіншісі алаңда болған.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 07 Ақпан, 2022 19:23
Талқылау