Қазақстандағы танымал қызғылт көлде күй орындаған домбырашы жұртты тамсандырды
Карантин кезінде халық арасында танымал орынға айналған Көбейтұз қызғылт көлінде Дәулеткерейдің күйін орындаған домбырашы қыз әлеуметтік желі қолданушыларын тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Домбырашы Маржан Қапсамат Көбейтұз көлінде әйгілі композитор Дәулеткерей Шығайұлының "Көрұғлы" күйін ойнап, оны видоға түсіріп, желіге жариялады.
Желі қолданушыларын әдемі бейнеде түсірілген видеодағы домбыраның үні тамсандырды.
Айта кетейік, бұл орын көптеген қазақстандықтар, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында танымал. Сонымен қатар, қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік пайдаланушылардың да қызығушылығын тудырды.
"Бұл рас па? Қазақстандағы бұл жер қайда?", - деп шетелдік жазылушылардың бірі Маржан Капсаматтың жазбасына қызығушылық танытты.
Тұзды ағынсыз көл Ерейментау ауданының аумағында орналасқан және елордадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”