Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда таксистердің өз-өзін реттейтін ұйымдарына кіруі тек заңды тұлғаларға міндетті болады

Көлік министрі Марат Карабаев үкіметте өткен брифингте Қазақстанда такси жүргізушілерінің өзін өзі реттейтін ұйымдарға кіруіне тек заңды тұлғаларды міндеттейтінін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы бизнес қауымдастығында резонанс тудырды. Қазақстандықтар жаңалықтардың такси қызметтерінің қымбаттауына әсер етуі мүмкін деп алаңдап отыр.

"Өзін өзі реттейтін ұйым – қауымдастық, яғни ол заңды тұлға болмайды. Бұл – бірінші мәселе. Екінші мәселе, заң жобасы барлық такси жүргізушісін тартуды көздемейді. Тек заңды тұлғаларды тартуды қарастырады. Ал бізде 2000 компания және 10 мың көлік бар. Бұл жөнінде мәжіліспен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Пилоттық режимде белгілі бір аймақтарда сынап көрмекпіз. Яғни өзін өзі реттейтін ұйымды жаппай енгізуге болмайды", – деп түсіндірді министр.

Марат Қарабаевтың айтуынша, өзін өзі реттейтін ұйымның құрылуы нарықтағы ашықтықты қамтамасыз етіп, жүргізушілер мен қазақстандықтардың ірі интернет-агрегаторларға қатысты мүдделерін қорғайды.

"Жалпы, такси қызметтерінің бағасы бәсекелі нарықта қалыптасады. Бұл нарық сұранысына байланысты. Өзін өзі реттейтін ұйым агрегатор мен жүргізуші арасында пікірталас алаңын құруға мүмкіндік береді. Бұл бағалардың төмендеуіне және ашықтықтың енгізілуіне көмектеседі", – деп түйіндеді министр.



Еске салайық, бұған дейін Жаңа жылдан бастап елімізде ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері "Яндекс", "InDrive-тан" тапсырыс қабылдай алмайтынын жаздық. Деректерге сүйенсек, тіпті бір мезгіл жолаушы тасымалдау үшін де алдымен тіркелу қажет. Сондай-ақ әр жүргізуші еңбек және демалыс режимін сақтауға және медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі. 

Жүргізушілер кейбір талаптарды қайта қарауды ұсынып отыр. Пікірлерінше, рөлі оң жақта орналасқан көліктерді түбегейлі онлайн агрегаторлардан алып тастау дұрыс емес.

Талқылау