AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ресейлік автоөндірушілер утилизация алымын алып тастауға қарсы шықты

Ресейлік автоөндірушілер өткен жылы құрастыру цехтарына қомақты инвестиция құйылғанына қарамастан, Қазақстандағы өндірісті тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы "Ведомости" отандық автоөндірушілер өкілдеріне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

утилизация

Олардың жұмысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың утиль алымына қатысты төлемдерді қайта қарау туралы жоспары қауіп төндірген. Президент бұл бұйрықты 11 қаңтарда ұлттық парламент депутаттарына шығарған еді.

Утиль алымын қайта қарау ақпан айында аяқталуы қажет. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен, қазіргі уақытқа дейін ақша жинап келген оператордың да жұмысы тоқтатылды. Мұндай шешім автокөлік бағасының өсіп кетуінен туындаған халық наразылығынан кейін қабылданған болатын.



Қазіргі уақытта Қазақстанда ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр, ол жаңа төлемді ұсынуы керек. Егер қабылданатын баға бұрынғыдан төмен болса немесе мүлдем жойылса, бұл өндірісті іске асырушы ресейлік өндірушілерге импортпен бәсекелесуде қиындықтар тудырады, деп санайды олар.

Қазақстан ресейлік автоөнеркәсіп үшін негізгі экспорттық нарықтардың бірі болғандықтан, сәйкесінше мұнда барлық ірі ресейлік автокөлік компанияларының құрастыру цехтары бар. "КамАЗ" өкілі утиль алымы мөлшерін қайта қарау компанияның ағымдағы қызметіне кері әсер етіп, бірқатар міндеттемелерді орындауда қиындықтар тудыратынын растады.

"АвтоВАЗ"-да жергілікті автоөнеркәсіпті дамытуға көмектесу үшін утиль алымының мөлшерін сақтауды жақтап шықты. Әйтпесе Қазақстан нарығын экологияға зиянды ескі көліктер жаулап алуы мүмкін екенін атап өтті компания. Қазіргі уақытта Қазақстандағы жаппай сегменттегі отандық автокөліктердің үлесі 75 пайызға жуық.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр