Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы партиялардың кезекті сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына шолу

19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттығына депутаттарды кезектен тыс сайлау  өтеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде додаға түсетін кандидаттар мен партиялардың насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Stan.kz ақпарат агенттігі партиялардың насихат науқаны қалай өтіп жатқанын назарға ұсынады.

"AMANAT" партиясы

Республикалық сайлауалды штабтың мүшелері Алматы қаласындағы Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті.

Мұндағы қордаланған мәселенің бірі – инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету. Партия 2026 жылға қарай қала тұрғындарын орталықтандырылған су жүйесімен 100% қамтамасыз етуге, 15 су тарту құрылысын салуға және 12 су қабылдау құрылысын қайта жаңартуға, 30 кәріз сорғы стансасын салуға, 195 шақырым жылу желісін қайта жаңартуға және өзге де игі істерді қолға алуға кепілдік береді.

Сонымен қатар, қалалық сайлауалды бағдарлама аясында аманаттықтар ескі үйлерді жаңарту бағдарламасына бастамашы болуға, 500 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге және 225 лифтті ауыстыруға, сондай-ақ 1150 ауланы абаттандыруға партиялық бақылауды қамтамасыз етуге мүдделі екендерін жеткізген.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері 20 күн ішінде аманаттықтар 2 769 000 қазақстандық қатысқан, 22 700 іс-шара өткізді.
Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 17 400-ден астам ұсыныс-пікірі келіп түскен.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы

Ауыл партия 8

"Ауыл" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Қарақат Әбден, Серік Егізбаев, Ерболат Саурықов, Болатбек Қыстауов, Ілияс Досқожаев пен жергілікті мәслихатқа кандидаттар Батыс Қазақстан облысына барды. Олар ірі қайта өңдеу кәсіпорны "Жайық ет" ЖШС ұжымымен кездесті.

Кандидаттар алдымен "Жайық ет" ЖШС ұжымымен кездесті. Серіктестік – өңірдегі шұжық және ет өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын. Ет өңдеу кешені жаңа үлгідегі заманауи жабдықпен толық жабдықталған. Бүгінде жылына 7000 тонна мал мен құс етін шығарып, 100% қуаттылықта жұмыс істейді. Бордақылау алаңдары Зеленов ауданында, мал сою пункті Орал қаласында орналасқан. Кәсіпорын өнімі Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысының нарығына шығарылады. Серіктестікті "Ауыл" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, нағыз еңбек адамы Темірғали Ескендіров басқарады. Жиында "Ауыл" партиясының агроөндірістік кешендер, ауыл шаруашылығының дамуына мүдделі екені, сондықтан үнемі солардың мүддесіне қызмет ететіні жайлы айтылды.    

"Ауыл" партиясы ұлттық әл-ауқатты арттырудың түбегейлі жаңа саясатын ұсынып, оны жүзеге асыруға дайын. Біздің мақсат – елімізді индустриалды-аграрлық державаға айналдыру және сол арқылы азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі өте жоғары мемлекет құру. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканы дамыту үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де маңызды стратегиялық мәнге ие. Біз Мәжіліске барғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, оларды өңдеушілер үшін әлеуметтік аударымдардан басқа салықтың барлық түрін толық жою, өзіндік құн деңгейіне дейін субсидиялауды енгізу, агробизнестің дамуына кедергі келтіретін,  мемлекеттік органдар тарапынан болатын кез келген шектеуге тыйым салу бойынша күресеміз. "Ауыл" партиясы бүгінде еңбек адамының мәртебесін көтеру, қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген оң көзқарасты қалыптастыру, ауыл еңбеккерлерінің абыройын асқақтату, беделі мен танымалдылығын арттыру жөніндегі барлық іске бастамашы, ұйытқы болып ғана қоймай, соның заңнама тұрғысында нақты мәртебеге ие болуы үшін күш салып жүр. Біз айтылған мәселелердің оң шешім табуына сіздердің қолдауларыңызбен ғана қол жеткіземіз. Бізді сайлауда қолдаңыздар!", –деді ұжым еңбеккерлері алдында сөз сөйлеген кандидат Ілияс Досқожаев.

"Respublica" партиясы

Республика партия 6

Республика бойынша сайлауалды тур бірден екі қалада – Семей мен Қарағандыда жалғасты. Партиялықтар Қарағанды мен Абай облыстары тұрғындарының түйткілді мәселелерін талқылады. Бұл шараларға барлығы 1 500-ден астам адам қатысты.

Семейде Respublica-лықтар зиялы қауым, өнер және жастар өкілдерімен кездесу өткізді. Тұрғындар қала мен облыстың мәселелерін жан-жақты айтты. Шараға 500-ден астам адам қатысты.

Белгілі болғандай, халықты Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге көмек көрсету, сапалы білім мен денсаулық сақтау, Қытай Халық Республикасымен визасыз режим мәселелері алаңдатып отыр.

Сапар аясында Respublica партиясының мүшелері "Семей – Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай мен Шәкәрім мемориалдық кешенін де аралады.

Ал Қарағандыда Respublica-лықтар Қарағанды машина жасау зауытының еңбек ұжымымен және "Қолғанат-Қарағанды" ЖШС еңбеккерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесулерге қатысушылардың жалпы саны 500-ге жуық адамды құрады.

Сонымен қатар, Қарағандыда партия мүшелері аймақтық штабта болып, С.Сейфуллин атындағы театрда облыс халқымен кездесу өткізді.

Қазақстан Халық партиясы

Халык партиясы 7

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС ұжымымен кездесті.

Партия өкілі еңбек ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

"Жаңа Қазақстанға жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет", – деді Балжан Досмұхамбетова.

Сондай-ақ спикер Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайтынын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыста істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару маңызды екенін жеткізді.

"Бұл мәселенің шешімі бірнеше қиындықтың алдын алады. Атап айтқанда, кәсіби және басқа аурулардың, сондай-ақ өндірістік жарақаттардың пайда болу қаупін азайтады", – деді партия өкілі.

"Baytaq" Жасылдар партиясы

Байтак партия 7

10 наурызда Мәжіліс депутаттығына кандидат Болат Нұрхожаев Қызылорда облысында фермерлермен кездесті. 

Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша мәслихатқа кандидаттар, "Байтақ" жасылдар партиясы өңірлік басқармасының мүшелері де қатысты.

 "Абай Дәулет" компаниясының қызметкерлерімен кездесуде жергілікті тұрғындарды, атап айтқанда, мал шаруашылығымен айналысатын компания қызметкерлерін толғандыратын мәселелер талқыланды.

Сол жерде Болат Нұрхожаев өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы жергілікті халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығына тікелей әсер ететін экологиялық жағдайды талқылауға арнайы көңіл бөлінгені айтылады.

"Ақ жол" партиясы

Ак жол партия 6

"Ақ жол" демпартиясы Республикалық штабының мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, Абай облысы филиалының төрағасы Ержан Тілеужанов және Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар "Қазполиграф" ЖШС мен Семей цемент зауытының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде.

Партия төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов партия саяси бағдарламасының алты басым бағытын атады: Тәуелсіздік пен "Алаш" ұлттық идеясы, демократия мен парламентаризм, сыбайлас жемқорлық және де-офшоризациямен күрес, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат. Ол сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, "Ақ жол" демократиялық партиясы қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салу қажет деп санайтынын айтты.

Жиналғандар зейнет жасын төмендету, әлеуметтік баспанаға қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ, Үкімет алдында ауыл шаруашылығын қолдау мәселесін көтеруді сұрады. Қызметкерлер ақжолдық кандидаттарға кездесу үшін алғыс айтып, қолдау білдірді.

Республикалық штаб мүшелері сайлаушылардың сөздері мен ұсыныстарын назарға алып, 19 наурызда "Ақ жол" демпартиясын қолдау үшін сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

ЖСДП 7

ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық округ бойынша кандидат Нұрайнаш Камалова "Атырау Нефтемаш" ЖШС ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Депутаттыққа кандидат сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ өз сөзінде несие мөлшерлемесін төмендету қажеттілігін атап өтті. Іс-шара барысында кандидат тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Талқылау