Қазақстанда лотереяны кім ұйымдастырады
Бүгінде бір мезетте байлыққа кенелуді армандамайтын адам кемде-кем. Біреулер армандап қана қоймай, лотерея билеттерін енді сатып алып жатса, кейбірі ірі көлемдегі ақша ұтысын иемденуде. Десек те елімізде ойнатылатын лотереяларға сенбейтіндер де жеткілікті. Лотерея өткізу үрдісі қалай жүзеге асырылады және оның қандай түрлері бар? Лотереяда жеңімпаз атану мүмкін бе және лотерея қашаннан бастап ойнатылады? Қазақстанда лотерея ұйымдастыруға кім жауапты? Бұл сұрақтарға жауапты Stan.kz тілшісі іздеп көрді.
Лотерея деп кездейсоқ лотерея билеттерінде көрсетілген сандардың немесе басқа да белгілердің таңдалуына байланысты нәтижесі анықталатын ойын түрін айтады. Лотерея - мемлекетпен реттелетін тұрғындардың ойын-сауық әрекеттерінің бірі.
Лотереяны жиі ойнайтындар ұтысқа қол жеткізудің түрлі амалдарын ұсынады. Біреулер тіпті, ол үшін математикаға жүгініп, арнайы формула ойлап тауып жатады. Десек те лотереяны нақты кімдер жиі ұтатынын анықтау мүмкін емес. Себебі жеңімпаздардың арасында тәжірибелі ойыншылар да, жаңа қосылғандары да бар. Бұған қоса, ұтыс қандай да бір географиялық аймаққа да тәуелді болмайтынын ескеру қажет.
Лоторея түрлері
Негізінен елімізде лотереялардың екі түрі кеңінен танымал:
1. Жедел лотерея. Әдетте, мұндай лотереялар қалалардағы газет-журнал сататын дүңгіршектерде, дүкендерде сатылады. Жедел лотереяға қатысу үшін арнайы билет сатып алып, сондағы суретті өшіреді. Оның астындағы қандай ұтыс жасырылғанын сіз бірден біле аласыз. Ескере кететін тағы бір жайт, ұтыс көлемі неғұрлым аз болса, оған қол жеткізу соғұрлым тез болады. Яғни, сіз ұтысты бірден ала аласыз. Ал қомақты сома иеленген жеңімпазға ұйымдастырушылардың кеңсесіне баруына тура келеді.
2. Тираждық лотерея. Мұндай лотереялар тек белгілі бір уақытта ғана ойнатылады. Бұдан бөлек, аталмыш лотереяның билетін сатып алғандар ұтысты өздері бақылап отыруы керек. Тиражды лотереялар екі түрлі жолмен ойнатылуы мүмкін: біріншісінде, ойыншылар сандарды өздері таңдаса, екіншісінде, автотаңдау арқылы арнайы бағдарлама кездейсоқ сандарды ұсынады. Осы сандар арқылы ұтыс ойнатылады.
3. Онлайн лотереялар. Алдыңғыларынан ең басты айырмашылығы - онлайн лотереялар интернет арқылы өткізіледі. Ол үшін сыртқа шығып, билет сатып алудың қажеті жоқ. Ойын арнайы жүйеде жүзеге асырылады.
Көбіне лотерея билеттері қымбат тұрмайды, десек те оны көп адам сатып алатындықтан ұтыс көлемі бірнеше миллионға жетуі мүмкін. Лотерея билеттері сатылымынан түскен қаражаттың кем дегенде 50%-ы жүлде қорына аударылады.
Лотерея ойнату үрдісі мемлекетпен реттеледі. Бүгінгі күні ресми түрде лотерея операторы болып тіркелмеген тұлға немесе ұйымға ұтыс ұйымдастыруға тыйым салынған. Бұған қоса, лотерея өткізуге жауапты ұйым үнемі тексерістен өтіп тұрады. Айта кетерлік жайт, ұтыс ойындары тираждық комиссияның бақылауында жүргізіледі. Комиссия мүшелері халықтың арасынан таңдалып алынады, олар өз кезегінде лотерея барысын қадағалап, нәтижелерді растайды.
Сонымен қатар, лотерея ойнатылатын құрылғыға да назар аударған жөн. Мұндай құрылғылар шетелде ішіндегі айқын көрінетін мөлдір материалдан әзірленеді. Өндірушілер лотерея техникасының құрастыруға асқан жауапкершілікпен қарайды, себебі ұтыстың шынайы болуы бірінші кезекте осы құрылғыға байланысты.
Лотерея жеңімпаздары - қарапайым адамдар. Дегенмен көп жағдайда олардың тұлғаларын рұқсатсыз жариялауға болмайды.
Лотореяда жеңіске жетудің мүмкіндігі қандай?
Лотореяда жеңімпаз атану мүмкіндігін, тіпті, ұйымдастырушылардың өздері болжап біле алмайды. Одан бөлек, лотерея нәтижесіне ешбір азаматтың тікелей ықпал ету мүмкіндігі мүлдем жоқ.
Қомақты сома немесе үлкен ұтысты иелену үшін көп жағдайда екі шарт орындалуы керек:
1. Сіз лотерея генераторы немесе лототрон таңдаған сандардың көп бөлігін таба алдыңыз.
2. Басқа ойыншылардың арасында кездейсоқ сандарды тапқан адамдар аз болды.
Лотереяларда сіз көп сандарды анықтаған сайын, жүлде көлемі де артады.
Лотерея тарихы
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, әлемдегі ең алғашқы лотерея б.з.б. 100 жылы Ұлы Қытай қорғанын тұрғызу үшін өткізілген деседі. Рим императоры Юлий Цезарь да өз дәуірінде лотерея өткізіп тұрған. Ондағы мақсаты - көпір мен жолдардың жөндеу жұмыстарына ақша тарту. Бұған қоса, Ежелгі Римде кедейлерге арналған лотерея болыпты.
Қазіргі замандағы лотерея тарихы 1466 жылы Бельгиядан бастау алады. Деректерге сүйенсек, атақты суретші Ян ван Эйктің қазасына 25 жыл толуына орай оның жесірі тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде лотерея ұйымдастырған.
Ең алғаш рет "лотерея" сөзі 1515 жылы Генуэз Республикасында қолданылған. Десек те бұл сөздің мағынасы ұтыс ойнату емес, мемлекеттік кеңес мүшелерін іріктеп алу дегенді білдірсе керек.
Францияда мемлекеттік лотереялар 1520 жылдан, Флоренцияда 1530 жылдан, ал Англияда 1559 жылдан бастап өткізілген. Ел қазынасы сарқылып, билікке тиісті қаражат таусылған кезде мемлекет басқарушылар лотерея ұйымдастыруды жөн көрген.
Ең алғашқы "сандық" лотерея 1726 жылы Нидерландта ойнатылған.
Қазақстандағы лотерея тарихы Ресей империясымен байланыстырылады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Ресей патшасы Петр I ең алғашқы мемлекеттік лотерея өткізу туралы шешімді 1698 жылы шығарған. Кейіннен кеңестік революциядан кейін лотерея ойнату біршама уақытқа тоқтатылып, Ұлы Отан соғысынана кейін қайта жанданды. 1970 жылы Кеңес үкіметі сол кездегі спорт комитетіне "Спортлото" ойнатуға рұқсат береді. Осы тұста алғаш рет Олимпиада ұйымдастыруда бюджеттен бөлек сырттан қаражат тарту туралы шешім шығарылған болатын. Мәселенің шешімі ретінде екі ұсыныс қарастырылды: біріншісі, олимдиадалық кәдесыйлар мен басқа да тауарларды сату болса, екіншісі "Спортлото" және "Спринт" сынды лотереялар ұйымдастыру. Лотереядан түскен қаражат 1980 жылғы Олимпиада бюджетінің жартысына жуығын құрап, оның 30%-ы кеңес спортшыларын жаттықтыруға аударылған. Сонымен қатар, Кеңес одағы аумағында түрлі спорттық ғимараттар мен басқа да инфрақұрылымдардың салынуы осы лотерея билеттерінің сатылымына байланысты болды. Атап айтсақ, Мәскеудегі "Шағала" бассейні, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы С.Киров және В. Ленин атындағы стадиондар, Алматы, Минск, Киев, Рига, Одесса мен Кишенев сынды қалалардағы спорт сарайлары мен басқа да спорттық жаттығуларға арналған ғимараттар мен алаңқайлар сол уақытта салынғаны белгілі.
Тағы бір мысал, КСРО-да мәдениет министрлігі мен суретшілер одағының ұйымдастырылуымен суретшілерді қолдау мақсатында түрлі лотереялар ұйымдастырылған. Лотерея билеттерінен түскен қаржы тікелей суретшілердің қажеттіліктеріне бөлінген. Ал ұтыс ретінде атақты суретшілердің туындылары ойнатылған.
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанда лотерея өткізуге жергілікті атқарушы органдар жауапты болған. Қазіргі таңда лотерея ұйымдастыру тікелей мәдениет және спорт министрлігінің бақылауында.
Кеңес дәуірінен кейін ТМД аумағындағы ең алғашқы ұлттық (мемлекеттік) лотерея Қазақстанда құрылды. Бюджеттен тыс қаржыландыру мақсатында "Жаңа астана" және Зейнетақы қоры ұлттық лотерея ойната бастады.
Қазақстандағы лотереяның бірегей операторы кім?
2017 жылдың 10 ақпанынан бастап ұйым Қазақстандағы лотереяның бірегей операторы болып танылды. Бұған дейін лотерея бизнесімен республикада 70-тен астам мекеме айналысқан. Қазірде айтылған ұйымнан басқа мекемелерге лотерея ұйымдастыруға тыйым салынған.
"Сәтті Жұлдыз" акционерлік қоғамы 2016 жылғы 4 сәуірде құрылған. Ұйым басшысы - Александр Тен.
"Менің басты мақсатым - қазақстандықтардың лотереяға қатысуы мен жеңімпаз атануына барынша жағдай жасау, олардың ұтыстары мен жүлделеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету. Мемлекеттің лотерея айналымын бақылауға алып, тиісті салық түсуіне жәрдемдесу және лотерея билеттерін сатып алатын әрбір азаматқа олардың Қазақстанның спортының дамуына жәрдемдесіп жатқанын түсіндіру. Мен қазақстандықтардың лотереядан барынша ұтып, миллионер атанғанын қалаймын, себебі біздің ұйымның табысы тікелей соған байланысты. Бұл - ең дұрыс шешім", - деді "Сәтті Жұлдыз" АҚ президенті Александр Тен Forbes.kz-ке берген сұхбатында.
"Сәтті Жұлдыз" АҚ президенті Александр Тен
Бүгінде "Сәтті Жұлдыз" АҚ жоғары жүлде қорларын және ірі ақша төлемдерін қамтитын дүниежүзілік деңгейдегі лотерея өнімдерін ұсынады. Лотерея өнімдерін жасауда және ұйымдастыруда ашық және жауапкершілік қағидалары негізге алынған.
"Сәтті Жұлдыз" нақты уақытта ақпаратқа қол жеткізу үшін бірқатар жоғары деңгейдегі IT жүйелерін енгізген. Бұл жүйе арқылы Қазақстанның барлық аймағында сатылған лотерея билеттері мен ойынға қатысушылардың саны, жүлде қорының мөлшері, лотерея билеттерінің сатылымынан төленген салық сомасы, ұлттық бюджетке Қазақстан Республикасы спортын дамыту және қолдауға бағытталған ақшалай түсімдер мөлшерін көруге болады.
"2018 жылы біз Еуропалық лотерея қауымдастығының мүшесі атандық. Халықаралық ұйымға мүше болуымыз "Сәтті Жұлдыз" әлемдік лотерея индустриясының барлық талаптарына сай деген ғана сөз емес, бұдан бөлек, бұл - лотерея ойыншаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сенімділік, яғни, олардың құқықтарын, жеңімпаздарды таңдаудағы кездейсоқтық, ұтысты уақытылы тағайындау және жеке деректердің жарияланбауының кепілі", - деп қосты Александр Тен.
Ұйым ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне көңіл бөлуде. Қазіргі күні "Сәтті Жұлдыз" дамыған дүниежүзілік лотерея нарықтарында "ойынға жауапты қарым-қатынас" (Responsible Gaming) деп аталып, экономиканы реттеудегі үкімет саясатының ажырамас бөлігі болып есептелетін лотереяға деген көзқарасты дамытуды көздейді.
2006 жылы Дүниежүзілік лотерея қауымдастығымен қабылданған "Жауапты ойын" қағидаларын Орталық Азия мен Қазақстан аумағында алғашқы болып "Сәтті Жұлдыз" ұйымы енгізуді қолға алғанын ескере кету қажет.
"Сәтті Жұлдыз" АҚ лотереяның 32 түрін ойнатады, олардың 24-і жедел, ал 8-і тираждық лотерея. Бүгінде лотерея операторының келісімшарты бойынша республика аумағында үш мыңнан астам мекеме жұмыс істейді.
2020 жылдың маусымында ҚР спорт және мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова "Сәтті Жұлдыз" құрылғалы бері бюджетке 2,7 млрд теңге салық төлегенін атап өтті. Оның 421,7 млн теңгесі спорттың дамуына, ұтысқа 12,1 млрд теңге бөлінген.
Ұйым құрылғаннан бері лотерея билеттерінің айналымынан жалпы 18,5 млрд теңге түскен: 2017 жылы - 195,6 млн теңге, 2018 жылы - 1,9 млрд теңге, 2019 жылы - 16,7 млрд теңгеге жеткен.
Бірінші кезекте, "Сәтті Жұлдыз "лотереяларынан мемлекетке түсетін қаражат әлеуметтік бағдарламаларды қолдауға және еліміздегі спортты дамытуға бағытталады.
"Біз мемлекетке 10%-дық емес, 15%-дық салық төлеу туралы шешімге келдік. Себебі біз үшін отандық спорттың дамуын қолдау айтарлықтай маңызды. Әлемдік тәжірибеге де көз жүгіртсек, спорттың негізгі қолдаушылары лотерея ұйымдары екенін көре аламыз. Мұнымен қоса, біз ұйымдастырған лотерея қатысқан ойыншылардың барлығы жеңілмейді деп ауыз толтырып айтуға болады. Өйткені қатысушылар лотерея билеттерін сатып алу арқылы еліміздің спортын дамытуға үлес қосады", - деді Александр Тен.
Айта кетейік, 12 ақпанда өткен "5/36" лотереясы бойынша ұтыс ойынында 28 миллион теңге нұр-сұлтандық азамат Дәуренге бұйырды. Жеңімпаздың айтуынша, билетті сатып алғаны туралы ұтыс қарсаңында еске түсірген. Ең қызығы, ол ешқашан сандар комбинациясын таңдамайды екен, осы жолы да автотолтыруға сеніпті. Бір күні сәті міндетті түрде түсетініне үміттенген ол өзінің лотереяда жеңіске жеткенін естігенде есеңгіреп қалған сыңайлы. Алдағы уақытта Дәурен ұтыстың бір бөлігін отбасылық қажеттіліктерге, қалғанын туыстары мен достарына жәрдемдесуге және қайырымдылыққа арнамақ.
"Лото 6/49" жеңімпазы Шин Олег
Бұған қоса, 20 ақпанда Алматы тұрғыны Шин Олег "Лото 6/49" лотереясынан су жаңа Camry 70 автокөлігінің иесі атанды. Оның лотереяны ермек еткеніне 15 жылға таяпты. Аспаздың сөзінше, ол айына кемінде екі-үш рет лотерея билеттерін сатып алып, ойнап тұрады екен.
Сіздің де үлкен ұтыс алу мүмкіндігіңіз бар! "Сәтті Жұлдыз" лотереялары бойынша толық ақпаратты мына сайттан оқи аласыздар.
Ескерту. Лотерея ойынын қаражат табу және инвестициялау амалы ретінде емес, ойын-сауық ретінде қарастыру керек. Лотереяға қатысу қаржылық қиындықтарды шешудің амалы бола алмайды. Лотереяны 18 жастан бастап ойнауға рұқсат етілген.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
