Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы лаңкестік әрекеттерге "Йакын Инкар" діни ағымының қатысқаны белгілі болды

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысушылардың арасында "Йакын Инкар" діни ағымының мүшелері болған. Бұл туралы "Қасіретті қаңтар" деректі фильмінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған деректі фильмде елімізде тыйым салынған ұйымның бірнеше жақтасының ұсталғаны туралы айтылады. Олардан қарулар, гранаталар, оқ патрондары мен діни кітаптар тәркіленген. 2018 жылдың қазан айында елордалық сот "Йакын Инкар" ұйымын экстремистік деп таныған. Бас прокуратура "Йакын Инкар" ұйымының Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи жамағат" экстремистік ұйымының бір қанаты екенін анықтады.



"Ұйымның мақсаты – конституциялық құрылысты күшпен өзгертуді, егемендікті бұзуды, оның ішінде Қазақстан аумағында халифат құруды көздейді. Бұл ұйымның жақтаушылары басқа діндердің өмір сүру құқығын үзілді-кесілді жоққа шығарады және олармен қақтығысы болады деп болжайды. Ал бұл діни экстремизм ұғымына жатады", –  делінген 2018 жылдағы соттың берген есебінде.

Талқылау