Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы коронавирус: Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шықты

Павлодар облысы коронавирустың таралуына байланысты "қызыл" аймақтан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Cұлтан "қызыл" аймақта қалып отыр. "Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары.

Басқа аймақтар коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта қалып отыр.

Кеше (13 желтоқсандағы деректер бойынша) Қазақстанда 747 адам коронавирус жұқтырды. Оның 73-і Павлодар облысында тіркелді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Желтоқсан, 2020 11:18
Талқылау