Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы феминистік қозғалыс ЛГБТ-ны насихаттайды деген күдікке ілінді

Қазақстандық ата-аналар одағының мүшелері қазақ феминистік қозғалыстарының мүшелері әйелдер құқығына алаңдаймыз деген желеумен ЛГБТ-ны насихаттайды деген мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

KU<N

Олардың айтуынша, қозғалыс бөтеннің мүддесін ілгерілету үшін жастар мен жасөспірімдерді арнайы тартады.

Әкімшіліктен рұқсатты әйел құқығы, бала құқығы, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбымен алып, бірақ іс жүзінде түрлі түсті жалауды жамылып, жас жеткіншектерді жинап, астыртын лгбт ұйымын насихаттайды дейді олар.

"Кез келген феминистік ұйымның әрекетіне қарасаңыз, олар барлық жерде қандай да бір тәлімгердің нұсқауын орындайтын сияқты.  Бұл біздің құндылықтарымызға қайшы келеді. Егер елімізде әйел өкілдері зорлық-зомбылыққа ұшыраса, олар әкімшілік, қылмыстық және отбасылық кодекстермен қорғалады", - дейді ата-аналар одағының төрағасы Бағила Балтабай.

"Феминисттік ұйымдардың жылда 8 наурызда өткізетін митингтерінің көздегені не?" деген өзекті мәселе көтерілді.
Жиынға блогерлер мен журналистер қатысты.

Марат Тоқашбаев, Әмір Мәуленов, Айдос Оразай,т.б зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

"Осы мәселемен мен 7-8 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Әлеуметтік желіде талай мақала жазып, посттар шығарып жүрдік. Мұның бәрі жас ұрпаққа әсер етпей қоймайды. Дүниежүзінде ғалымдардың зерттеуінше, табиғи ауытқушылығы басым болып, әйелдерде еркектің, еркекте әйелдің гармондары басым дертке ұшыраған адамдардың саны небәрі 4-5% болады екен. Ал қалған жағдайларда іс жүзінде зорлық-зомбылықтың нәтижесі.
Бүкіл дүниежүзіндегі лгбт қауымдастығының ұстанып отырған саясатының ешқандай тарихи мән-маңызы жоқ. Бар мақсаты - адам баласын жою. Ер мен әйелден жаңа ұрпақ, жаңа буын пайда болады. Ал біржыныстылардың әрекетінде тән рахатынан басқа ештеңе жоқ. Дінімізге де қарсы нәрсе”, – дейді журналист Марат Тоқашбаев.

Талқылау