900 мың теңгеден жоғары: Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алатындардың алғашқы бестігі жарияланды
Фото: Stan.kz
Қазақстандағы орташа зейнетақы 35,7 мың теңгені құрайды, алайда 900 мың теңгеден жоғары зейнетақы алатын азаматтар да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнет жасына жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық зейнетақы бар болғаны 35,7 мың теңгені құрайды. Алайда ең жоғары сома шектелмеген және кейбір азаматтардың зейнетақысы 900 мың теңгеден асады.
Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алушылардың ТОП-5 тізімі (2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша):
– 993 041 теңге;
– 818 818 теңге;
– 635 236 теңге;
– 565 857 теңге;
– 560 437 теңге.
Зейнетақы мөлшері неге байланысты?
Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары сомалардың қалыптасуына бірнеше фактор әсер етеді:
– салымшының табыс деңгейі;
– барлық табыс түрлерінен толық әрі тұрақты жарна аудару.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға өз капиталын дербес басқаруға мүмкіндік береді: міндетті 10% жарна жеткіліксіз болған жағдайда, азаматтар өз еркімен қосымша зейнетақы жарналарын аудару арқылы жинақтарын толықтыра алады.
БЖЗҚ мәліметінше, биыл ақпандағы ең жоғары зейнетақы 993 040 теңгені құраған. Бұл қазіргі көрсеткіштен небәрі 1 теңгеге жоғары. Ал зейнет жасына байланысты орташа айлық төлем сол күйі төмен деңгейде қалып отыр, жыл басындағы 35,5 мың теңгемен салыстырғанда 35,7 мың теңге болған.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
