Қазақстандағы ең бай адам Вячеслав Ким Kcell акцияларының 24%-ына иелік етпек
Фото: ossetia.tv
Қазақстанның ең бай бизнесмені Вячеслав Ким өз активтерін белсенді түрде арттырып жатыр. Alatau City Bank иесі және Kaspi.kz үлескері өз активтер портфелін кеңейтіп, Ғалымжан Есеновке тиесілі KC Holding Ltd компаниясын сатып алды. Компанияның меншігінде Kcell-дің 14,87% акциясы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәміле биыл 6 қазанда жасалып, Ким аталған компанияның жалғыз иесіне айналды. KC Holding Ltd бұған дейін Ғалымжан Есеновке тиесілі болған еді. Енді оның жалғыз акционері – Вячеслав Ким.
Kompra.kz мәліметінше, қатысушылар құрамындағы өзгеріс 2025 жылдың 6 қазанында тіркелген.
KASE деректеріне сүйенсек, 2025 жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша KC Holding Ltd компаниясына Kcell-дің 14,9% үлесі немесе 29,7 миллион қарапайым акциясы тиесілі болған. Сонымен қатар, Alatau City Bank арқылы Кимге 9%-дан астам үлес, яғни шамамен 18,2 миллион акция тиесілі. Осылайша, қазір Ким Kcell телеком-операторының шамамен 24% акциясына иелік етеді.
Kaspi компаниясының құрылтайшысы Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат алды
Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке 20 миллиард теңге бөледі
Ғалымжан Есенов 14,87% үлесті 2023 жылдың шілде айының соңында Pioneer Technologies S.A.R.L. компаниясынан алған еді. Ал 2024 жылдың қыркүйегінде ол бұл үлесті өзінің атына, Астана халықаралық қаржы орталығыНДА тіркелген KC Holding Ltd компаниясына өткізген.
Еске салайық, Bloomberg 2024 жылдың қыркүйегінде Кимнің Jusan Bank-ті сатып алуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сондай-ақ Вячеслав Ким Ғалымжан Есеновке тиесілі 99,74 пайыз акцияны алатыны туралы ақпарат тарады.

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
