Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы тұрғын үй кезегі: Негізгі талаптардың бірі өзгереді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ендігі кезекте тұрғын үйді бөлу азаматтардың есепке тұрған күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bloknot.ru

"Кіріс деңгейіне қарай кезекте тұрған адамға жеңілдетілген жалдау ақысы, жалдамалы тұрғын үй немесе жеңілдетілген ипотекалық несие (жылдық мөлшерлеменің 2-5% мөлшерінде) түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі", - деді министр.

Министрдің айтуынша, кезекке тұрудың басты талаптарының бірі - тұрғын үйге меншік құқығының болмауы.

"Бұған қоса, азаматтарды тұрғын үй кезегіне қою кезінде негізгі талаптардың бірі олардың меншігінде баспана болмауы керек. Қазір қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезекке тұру үшін соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы қажет. Мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне байланысты, кезекке жаңадан тұратын азаматтар үшін осы мерзімді 10 жылға дейін ұлғайту көзделген", - деді министр.

Талқылау